Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.

Азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Департамент келіп түскен арыз-шағымдарды жан-жақты қарап, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметтерге тұрақты түрде қашықтықтан мониторинг жүргізіп келеді.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Департаменттің араласуымен қашықтықтан мониторинг нәтижесінде 206 қызмет алушының, ал тексеру нәтижесінде 524 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Атап айтқанда, медициналық ұйымдар тарапынан медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекітуден негізсіз бас тарту фактілері анықталды. Нәтижесінде азаматтар тиісті медициналық ұйымдарға тіркелді.
Сондай-ақ, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішке негізсіз бас тартылған. Департаменттің ұсынымы негізінде өтініш қайта қаралып, заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданды.
Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыра береді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің БҚО бойынша департаменті
Соңғы жаңалықтар
Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?
БҚО-да Құрылтай сайлауын өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр
ОО «Atamnyn amanaty» принимает заявки на поиск погибших и пропавших без вести солдат и офицеров в годы Второй Мировой войны
Государство не ограничивает свободу слова, а защищает ее – Аида Балаева
Өнер мен мәдениетке көрсетілген құрмет – ұлт руханиятына жасалған қолдау
Жалған ақпаратқа қарсы орталық: Құрылтай сайлауы қарсаңында фейктер көбейді
«Тиімді басқару, сабақтастық және «Адал азамат» құндылықтары»: облыс педагогтерінің тамыз кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды

Кіру