8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Шілде 2026 49 0
Без рубрики

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Астана күнімен құттықтауы

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін ел халқына мерекелік құттықтауын жолдап, Астана – егемен еліміздің жүрегі. Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары екенін атап өтті. Президентіміз: «Елорда күні қарсаңында ұлт жылнамасындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңіне жол ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, осы тарихи оқиға билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғырту ісінің бастауы саналады», – деп, ел өміріндегі елеулі оқиғаға ерекше тоқталды.

Президент бастамасымен қабылданған Елордамыздың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтіп, оның мемлекет дамуындағы айрықша мән-маңызын айқындай түсті.

Бүгінгі таңда Астана – заманауи сәулет өнері мен озық технологиялар тоғысқан, қарқынды дамып келе жатқан ірі мегаполис. Бұл – тек зәулім ғимараттардың ғана емес, білім мен ғылымның, мәдениет пен инновацияның алтын ұясы. Шаһар жыл санап кеңейіп, инфрақұрылымы жаңарып, тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы әрі қауіпсіз мекенге айналып келеді. Жаһандық деңгейдегі маңызды шешімдер қабылданатын, бейбітшілік пен келісімнің алқалы жиындары өтетін халықаралық орталық ретінде Астананың беделі де биік. Бас қаламыздың әрбір жетістігі – барша отандастарымыздың бірлескен еңбегі мен жасампаздығының жарқын көрінісі.

Қадірлі ағайын!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Еліміздің бірлігі нығайып, тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын! Мереке құтты болсын!

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
6 шілде – Астана күні
06 Шілде 2026
59 0
Мәдениет
Ұлттық мұра ұлықталған мереке
05 Шілде 2026
125 0
Өңір жаңалықтары
Өңірде жанар-жағармай қоры жеткілікті
05 Шілде 2026
113 0
Құрылтай-2026
Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ
02 Шілде 2026
204 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»