8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Шілде 2026 78 0
Мәдениет

Ұлттық мұра ұлықталған мереке

Ұлттық домбыра күніне орай Тұңғыш Президент алаңында «Домбыра – дәуір үні» атты ауқымды домбырашылар марафоны өтті.

Мәдени шараның мақсаты – қазақ халқының баға жетпес мәдени мұрасы – домбыраны кеңінен насихаттау, күй өнерінің өміршеңдігін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастардың ұлттық аспапқа деген қызығушылығын арттыру.

Салтанатты шарада облыс әкімі Нариман Төреғалиев Жайық жұртшылығын мерекемен құттықтап, ұлттық өнердің ұлт руханиятындағы орнына тоқталды.

Мерекелік кеш Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің концерттік бағдарламасымен бастау алып, кейін домбырашылардың кең ауқымды марафонына ұласты. Үш жүзге жуық домбырашы бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйі мен «Ер Тұран» композициясын орындап, ұлттық өнердің өрісі мен ел бірлігінің айқын көрінісін паш етті.

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Ұлттық мұра ұлықталған мереке
05 Шілде 2026
78 0
Өңір жаңалықтары
Өңірде жанар-жағармай қоры жеткілікті
05 Шілде 2026
80 0
Құрылтай-2026
Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ
02 Шілде 2026
176 0
Жол / Құрылыс
Тасқалада жаңа мектеп бой көтеруде
29 Маусым 2026
286 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»