8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2026 90 0
Заң және тәртіп

Абай полиция бөлімінің әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді

Орал қаласында Абай полиция бөлімінің жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

Өңір басшысы қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ішкі істер органдарының рөлі айрықша екенін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы үш жылда саланың материалдық-техникалық әлеуетін күшейту үшін облыстық бюджеттен 7,2 млрд теңге бөлініп, 400-ге жуық қызметтік автокөлік сатып алынған. Бұдан бөлек, барлық ауданда жедел басқару орталықтары іске қосылып, полиция бөлімдері бейнебақылау жүйелерімен, компьютерлік техникамен және мобильді құрылғылармен қамтамасыз етілді.

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевпен бірге жаңа әкімшілік ғимаратты аралап шықты. Үш қабатты нысан қазіргі заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда қызметтік кабинеттермен қатар, азаматтарды қабылдауға арналған қолайлы жағдай жасалып, мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз келуіне қажетті инфрақұрылым қарастырылған.

Аймақ басшысы жаңа әкімшілік ғимаратының пайдалануға берілуі полиция қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға оң ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыру қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың маңызды бөлігі екеніне тоқталды.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
10 Шілде 2026
35 0
Құттықтаймыз!
6 шілде – Астана күні
06 Шілде 2026
189 0
Мәдениет
Ұлттық мұра ұлықталған мереке
05 Шілде 2026
250 0
Өңір жаңалықтары
Өңірде жанар-жағармай қоры жеткілікті
05 Шілде 2026
238 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»