8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2026 284 0
«Әділет» партиясы

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі маңызды саяси шешімдер қабылданған алаң ғана емес, сонымен қатар азаматтармен байланыстың заманауи тетіктерін дамытуға және партия қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді таныстырған маңызды шара болды.

Таныстырылған сервистер партияның Бірыңғай цифрлық платформасын кезең-кезеңімен қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Бұл платформа алдағы уақытта азаматтарға, партия мүшелеріне және партия органдарына арналған цифрлық құралдарды бір ортаға біріктіре отырып дамиды. Алғашқы шешімдердің бірі ретінде партияның цифрлық қызметтерін пайдаланудың бірыңғай жүйесі іске қосылды. Бүгінде партияға мүшелікке өтінішті QR-код арқылы, eGov порталы немесе осы қызметті қолдайтын банк қосымшалары арқылы беруге болады. Бұл қызметті қарапайым, ыңғайлы әрі қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Съезд аясында жасанды интеллект технологиялары негізінде әзірленген интеллектуалды цифрлық көмекшілер де таныстырылды. Олар партияның бағдарламасы туралы ақпарат ұсынып, мүше ретінде қабылдау тәртібін түсіндіріп, ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді және пайдаланушыларға цифрлық сервистерді қолдануға бағыт-бағдар көрсетеді. Пайдаланушылармен өзара байланыс партияның фирмалық цифрлық маскоты мен автоматтандырылған чат-боттар арқылы жүзеге асырылады. Әзірленіп жатқан цифрлық экожүйенің тағы бір маңызды бөлігі – партия мүшесінің жеке кабинеті. Ол негізгі цифрлық сервистерді бір интерфейске біріктіріп, партиялық ақпаратқа, хабарламаларға, құжаттарға және өзге де байланыс құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Платформа дамыған сайын оның функционалдық мүмкіндіктері де кеңейтіледі. Сонымен қатар партия құрылымдарының жұмысын үйлестіруге арналған арнайы цифрлық алаң – цифрлық штабты сынақтан өткізуді бастады. Бұл шешім бірлескен жұмысты ұйымдастыруға, тапсырмалардың орындалуын бақылауға және орталық аппарат пен өңірлік филиалдар арасындағы байланыстың тиімділігін арттыруға арналған. Съезде таныстырылған цифрлық құралдар партияның ұйымдастыру жұмыстарын кезең-кезеңімен цифрландыру бағытын айқын көрсетеді. Алдағы уақытта олардың барлығы азаматтардың партиямен байланысына, ішкі үдерістерді қолдауға және жаңа интеллектуалды сервистерді енгізуге арналған заманауи цифрлық орта ретінде құрылып жатқан «Әділет.365» бірыңғай цифрлық платформасына біріктіріледі. «Заманауи технологиялар адамдар үшін үдерістерді барынша қарапайым әрі түсінікті етуі тиіс. Сондықтан партия цифрлық сервистерді ішкі жұмысқа да, азаматтармен коммуникацияға да белсенді түрде енгізіп келеді», – деп атап өтті партия өкілдері. Съездегі тағы бір маңызды оқиға – партияның ресми әнұранының тұсаукесері. Әнұранның негізіне әділдік, заң үстемдігі, тәртіп пен жауапкершілік идеялары арқау болған. Ол алғаш рет кезектен тыс III Съездің делегаттарына орындалып, партияның жаңа символына айналды. Съезде таныстырылған цифрлық шешімдер партия жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру, азаматтармен байланыс құрудың заманауи арналарын дамыту және цифрлық технологияларды күнделікті қызметке енгізу бағытының маңызды бөлігіне айналды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар ұсынысы – жаңа жобаның негізі
18 Тамыз 2026
73 0
Қалалықтар қаперіне
Орал көшелеріндегі жол белгілері жаңартылуда
18 Тамыз 2026
77 0
Қалалықтар қаперіне
Оралда жылыту маусымына дайындық күшейтілді
18 Тамыз 2026
69 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамыз!
18 Тамыз 2026
68 0
Қалалықтар қаперіне
Қала келбетін көркейтуге жаңа қадам
18 Тамыз 2026
67 0
Қалалықтар қаперіне
Құрылыс нысандары бақылауда
17 Тамыз 2026
102 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
16 Тамыз 2026
135 0
Өңір жаңалықтары
Өңірде жылыту маусымына дайындық күшейтілді
15 Тамыз 2026
169 0
Өңір жаңалықтары
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
14 Тамыз 2026
204 0
Өңір жаңалықтары
Шекара сақшылары қызметке кірісті
14 Тамыз 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»