8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2026 50 0
Заң және тәртіп

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тағылымды іс-шаралар өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» тұжырымдамаларын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, қоғамда адалдық, әділдік, заң үстемдігі және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған бірқатар танымдық, тәрбиелік және ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырды.

Орал қаласы маңындағы «Дарын» балаларды сауықтыру лагерінде өткен «Саналы таңдау – адалдыққа бастар жол» атты танымдық квест пен «Адалдық алаңы» интеллектуалдық QUIZ ойыны барысында балалар құқықтық сауаттылықтарын шыңдап, логикалық және танымдық тапсырмаларды орындады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен адалдық құндылықтарына қатысты сұрақтарға жауап беріп, түрлі жағдаяттарға құқықтық тұрғыдан баға берді. Интерактивті форматтағы ойындар қатысушылардың командалық жұмыс жасау, сыни ойлау және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Өңірде өскелең ұрпақ арасында адалдық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Парасатты ұрпақ» аудандық сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар өз шығармалары арқылы адалдық, әділдік, заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін танытты. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды.

Сонымен қатар Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханасында «Адалдық – басты құндылық» тақырыбында аудандық эссе байқауы өткізілді. Байқауға мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысып, адалдық, әділдік, заңдылық және мемлекеттік қызмет қағидаттарының маңызын шығармашылық еңбектері арқылы жан-жақты ашып көрсетті. Қатысушылар белгіленген уақыт ішінде эссе жазып, сарапшылар алқасының бағалауына ұсынды. Байқау қорытындысында үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

Аталған іс-шаралар жастардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтып, адалдық пен парасаттылық құндылықтарын кеңінен дәріптеуге бағытталған маңызды профилактикалық жұмыстардың бірі болып табылады. Департамент алдағы уақытта да халықтың түрлі санаттарын қамтитын осындай танымдық әрі интерактивті іс-шараларды жүйелі түрде өткізуді жалғастырады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
10 Шілде 2026
35 0
Құттықтаймыз!
6 шілде – Астана күні
06 Шілде 2026
189 0
Мәдениет
Ұлттық мұра ұлықталған мереке
05 Шілде 2026
250 0
Өңір жаңалықтары
Өңірде жанар-жағармай қоры жеткілікті
05 Шілде 2026
238 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»