ҚЫТАЙЛЫҚ ПИРОТЕХНИКА ҚАУІПТІ!
Көпшілік тойлайтын мейрамдар мен серуендер кезінде өрт жағдайлары және адамдардың қаза болуы күрт өседі. Өткен жылдың 31 желтоқсаны мен ағымдағы жылдың екінші қаңтары аралығында, яғни жаңа жылдық мерекелер кезінде өңірімізде төрт өрт оқиғасы орын алған. Оның екеуі Орал қаласында, екеуі аудандарда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Жаңа жыл мерекелері кезіндегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев мәлімдеді.

БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Қыдырғожаұлының айтуынша, көпшілік мереке кезінде адамдар жұмыс уақытында жиналған күйзелістен арылғысы келіп, өзінің сақтығы мен зейінін айтарлықтай жоғалтады. Әсіресе, отпен байланысты оқиғалар санын көбейтетін жаңа жылдық мерекелерде абай болған жөн. Мерекелік іс-шараларды қауіпсіз өткізу бойынша шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа жылдық шыршалар сататын нысандардың тізбесі қалыптастырылатын болады.
Есепке алынған объектілердің әкімшілігімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар бере отырып, мерекелік іс-шараларды тікелей өткізу орындарына комиссиялық тексерулер жүргізіледі. Эвакуациялау жолдарының жай-күйіне, алғашқы өрт сөндіру құралдардың болуына, жаңа жылдық шыршаларды қауіпсіз безендіруге, ақаусыз электр гирляндаларын қолдануға, иллюминацияға, шыршаның тұрақтылығына, оны қауіпсіз, эвакуациялауға кедергі келтірмейтін жерге орнатуға ерекше назар аударылатын болады.
– Мерекелік іс-шараларды өткізуге қатысатын барлық ғимараттардың аумағына өрт сөндіру техникасы қойылады. Жоспардан тыс өрт-тактикалық сабақтар, өрттерді сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкаларын, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін түзетумен, сондай-ақ төтенше жағдайларға, оның ішінде террористік қауіп-қатерлерге байланысты іс-қимыл бойынша жұмылдырылған объектілердің персоналына сабақтар мен жаттығулар өткізу жоспарланған. Пиротехникалық бұйымдарды рұқсатсыз сату орындарында ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесіп осындай фактілердің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілетін болады, – дейді Ж.Жұмашев. Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында халықтың пиротехникалық бұйымдарды – түрлі фейерверктерді, зымырандарды, субұрқақтарды, бенгаль оттарын пайдалануы айтарлықтай ұлғаяды, олар көп мөлшерде шетелден әкелінеді және облыстың тұтыну нарығында, оның ішінде базарларда және ұсақ бөлшек саудада бақылаусыз сатылады. Фактілер дәлелдегендей, сапасы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін Қытай өндірісінің пиротехникасы басым түрде іске асырылады. Фейерверктер түрінде жиі жарылыс қаупі бар шулы пиротехникалық бұйымдар сатылады, көбінесе фабрикалық емес, қолданғанда сапасы төмен болғандықтан, адамның денсаулығына елеулі зиян-күйіктер, әр түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын әкелуі мүмкін.
Сондықтан желтоқсанның 20-сы күні облыстың барлық жалпы білім беретін мекемелеріне онлайн режимінде интерактивті сабақ өткізу жоспарланған.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу