8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Тамыз 2021 1938 0
Дені сау ұлт

ВАКЦИНА АЛ, ӨМІРІҢДІ САҚТА!

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Вакцина ал, өміріңді сақта!» атты акция өтті. Бұл туралы БҚАТУ-дың медиа-орталығы хабарлады. 

Іс-шараны БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен  «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Негізгі мақсат – вакцинаның адам өмірі үшін маңыздылығын түсіндіріп, студенттерді екпе алуға шақыру. Шарада сөз алған Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов:

– Адам өміріне ең қауіпті жұқпалы індетті жеңудің бір ғана жолы – вакцинация. Бір адамның ғана емес, бір отбасының немесе тұтас ұжымның тағдырын сақтап қалуға септігін тигізетін екпе арқылы сіз өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етесіз, – деп, студенттерді өз денсаулығын қорғауға шақырды.

Университет студенттері ән шырқап, көңілді тапқырлар командасы өз өнерлерін көрсетті. Білім алушылар 1-курсқа түсуші студенттерді вакцина алуға шақырып, өздері де соларға үлгі болатындықтарын жеткізді.

–       Вакцина алу арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, жалпы қоғамымызды пандемиядан қорғаймыз. Бүгін 1-курсқа қабылданушы студенттерге екпе алудың маңызды тұстарын түсіндіруге тырыстық, – дейді университеттің «Индустриалды-технологиялар институтының» 4-курс студенті Ескендір Сержанұлы.

Кеш жүргізушісі жуырда коронавирусқа қарсы екпе салдыртқан студенттер арасында ынталандыру сыйлықтары ойнатылатынын ескертті.

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»