8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қазан 2018 3354 0
Қалалықтар қаперіне

Тынымбақ ашылды

Қаладағы Т.Масин көшесіндегі шаһар шырайын келтіретін жаңа тынымбақ ашылды. Сәні мен салтанаты келіскен тынымбақты жеке кәсіпкер, «БККС» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Жасұлан Жақыпов қалалықтар игілігіне сыйға тартты.  

­- Бүгін қалада тағы бір тамаша тынымбақ ашылуда. Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында шаһарда көптеген игі істер атқарылуда. «Қала күні» мерекесі қарсаңында кәсіпкерлер мен меценаттардың демеушілігімен, қарапайым тұрғындардың қолдауымен көптеген жағымды істер атқарылды.  Бұдан өзге шаһарда кәсіпкер В.Голоухов жеке қаражатына Еуразия даңғылы бойынан тынымбақ салса, дәрігерлердің бастамасымен Ет комбинаты ауданынан «Денсаулық» саябағы ашылды.  Облыстық мәслихат депутаты Ж.Жақыпов Т.Масин ескерткішінің маңынан жанға сая болар орын жасақтады, ­ –  деді саябақты салтанатты түрде ашқан қала әкімі Мұрат Мұқаев.

Кәсіпкер бұл мақсатқа 40 млн. теңге қаражат жұмсапты. Бұл ағымдағы жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында Орал қаласында демеушілердің қаражаты есебінен салынып жатқан үшінші тынымбақ. Мұндағы құрылыс  монтаждау жұмыстарын «Эркер» ЖШС жүргізген. Қосымша бейнебақылау камералары орнатылады.

– Т.Масин ескерткіші жанындағы бос жатқан алаңқайды халық игілігіне пайдалансын деп шештім. Саябақта архитектуралық құрамалар, яғни жүргіншілер жолы, жарықшамдар, орындықтар және балалар алаңқайы орнатылды. Аумағы 540 шаршы метрді құрайды. Барынша жасыл-желекті сақтауға тырыстым, – дейді кәсіпкер Аслан Жақыпов.

Айта кету керек, бұдан өзге биыл қалада 29 аула абаттандырылып, 10 аула спорт алаңы жабдықталды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
557 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»