Тынымбақ ашылды
Қаладағы Т.Масин көшесіндегі шаһар шырайын келтіретін жаңа тынымбақ ашылды. Сәні мен салтанаты келіскен тынымбақты жеке кәсіпкер, «БККС» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Жасұлан Жақыпов қалалықтар игілігіне сыйға тартты.

- Бүгін қалада тағы бір тамаша тынымбақ ашылуда. Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында шаһарда көптеген игі істер атқарылуда. «Қала күні» мерекесі қарсаңында кәсіпкерлер мен меценаттардың демеушілігімен, қарапайым тұрғындардың қолдауымен көптеген жағымды істер атқарылды. Бұдан өзге шаһарда кәсіпкер В.Голоухов жеке қаражатына Еуразия даңғылы бойынан тынымбақ салса, дәрігерлердің бастамасымен Ет комбинаты ауданынан «Денсаулық» саябағы ашылды. Облыстық мәслихат депутаты Ж.Жақыпов Т.Масин ескерткішінің маңынан жанға сая болар орын жасақтады, – деді саябақты салтанатты түрде ашқан қала әкімі Мұрат Мұқаев.


Кәсіпкер бұл мақсатқа 40 млн. теңге қаражат жұмсапты. Бұл ағымдағы жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында Орал қаласында демеушілердің қаражаты есебінен салынып жатқан үшінші тынымбақ. Мұндағы құрылыс монтаждау жұмыстарын «Эркер» ЖШС жүргізген. Қосымша бейнебақылау камералары орнатылады.
– Т.Масин ескерткіші жанындағы бос жатқан алаңқайды халық игілігіне пайдалансын деп шештім. Саябақта архитектуралық құрамалар, яғни жүргіншілер жолы, жарықшамдар, орындықтар және балалар алаңқайы орнатылды. Аумағы 540 шаршы метрді құрайды. Барынша жасыл-желекті сақтауға тырыстым, – дейді кәсіпкер Аслан Жақыпов.
Айта кету керек, бұдан өзге биыл қалада 29 аула абаттандырылып, 10 аула спорт алаңы жабдықталды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Кіру
Пікір үстеу