8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Желтоқсан 2020 3304 0
Жалын

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ: БЕС АСЫЛ ІС

 Ел Тәуелсіздігі мейрамы қарсаңында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары мен педагогтерінің белсенді   «5 АСЫЛ ІС» акциясы ұйымдастырылды.

Қатысушылар акцияның бірінші күні қазақ әдебиетінің үздік туындыларын көпшілікке насихаттау жұмыстарын жүргізді. 12-сынып оқушысы  Владислав Запрометов Дулат Исабековтің «Транзитті жолаушы» шығармасынан мазмұнды цитаталар жарияласа, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмагүл Алмағамбетова қазақ детективінің негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың шытырман оқиғалы туындыларын ұсынды. Қатысушылар сондай-ақ өз follower-лерін Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовтен бастап бері қарай Жұбан Молдағалиев, Шыңғыс Айтматов, Қабдеш Жұмаділов, Сайын Мұратбеков, Асқар Алтай  және тағы басқа қазақ әдебиетінің жауһарлары шығармаларын оқуға шақырды.

«Екінші асыл іс» аясында акция қатысушылары түрлі қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, мейірім мен еріктілікті насихаттады.⠀Алғашқылардың бірі болып үлгі көрсеткен дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық кафедрасының мұғалімдері медицина саласының ардагері Мәриям Иргалиеваға қолғабыс етсе, педагог-куратор Гүлім Жұмағалиева мектептің әлеуметтік жобаларының маңызы туралы жазды.⠀ Зияткерлік мектеп оқушылары мен ұстаздары бұл күні бұдан бөлек үйсіз жануарларға да қамқорлық танытты.⠀

«5 АСЫЛ ІС» акциясының жексенбі күні нағыз шығармашыл жандардың онлайн көрмесіне айналды. 7-сынып оқушысы Тамила Русланова суреттер сериясын Батыс Қазақстан облысының өзендеріне арнаса, өңір аудандарынан келген зияткерлер туған ауылын желідегі достарына таныстырды. Бұл күні қатысушылар бейбіт күнінің құндылықтарын бейнелеу арқылы Тәуелсіздікті жақындатқан ата-бабалар рухына тағы бір тағзым етті.

Өмірлік ұстанымды қалыптастыру, рух пен моральдық-адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатындағы акцияның төртінші күні  қатысушылар жырдан шашу шашты. Әлеуметтік желілерде өлеңқұмар оқушылар Күләш Ахметова, Ұлықбек Есдәулет, Бақытбек Смағұл, Қалқаман Сарин және тағы басқа ақындардың Отан туралы өлеңдерін оқыды.

«Бесінші асыл іске» туған жеріміздің түрлі саласында қажырлы еңбек еткен немесе қызмет атқарып жүрген  қарапайым еңбек адамдары – ұстаздар, мүмкіндігі шектеулі қайсар жандар, өмір жолында бағыт берген аға-апалар арқау болды. арналды. 9-сынып оқушысы Әлия Ашарбекова медициналық-психологиялық қызметтің жедел жәрдем отрядының жетекшісі, әкесі Нұрмұхан Жұмағалиев туралы жан тебірентерлік жазба қалдырды.

– Құтқарушының басты қасиеттері – психологиялық тұрақтылық пен жанашырлық. Өз кәсібіне берілген осындай адамдарды біле отырып, мен өз өміріме және жақындарымның өміріне алаңдамаймын, – деп жазды Әлия.

Қатысушылар бес күн аралығында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында  100-ден астам жарияланым жасады. Сонымен қатар акцияға Жәнібек аудандық Ғұсман Ғабдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектептен жас достар да белсенді үн қосты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»