8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Тамыз 2026 857 0
Қалалықтар қаперіне

Тұрғындар ұсынысы – жаңа жобаның негізі

Зачаган кентіндегі Талғат Бигелдинов көшесінде тұрғындардың ұсынысы негізінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба жергілікті тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Жоспарға сәйкес аумақта 1 920 шаршы метр асфальтбетонды жаяу жүргіншілер жолы төселіп, жалпы ұзындығы 3 200 метр тротуарлық жиектас орнатылады.

Сонымен қатар тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау үшін 210 шаршы метрлік баскетбол алаңы мен 200 шаршы метрлік балалар ойын алаңын жабдықтау көзделген. Демалыс орындары орындықтармен, қоқыс жәшіктерімен және ақпараттық тақталармен толықтырылады.

Спорт алаңына резеңке жабын төселіп, екі баскетбол тіреуі орнатылады. Сондай-ақ алаңның арнайы белгіленімі жасалып, аумағы қоршалады.

Балаларға арналған бөлікте әткеншек, құмсалғыш және заманауи ойын кешені бой көтереді. Қоғамдық кеңістіктің аумағы толық қоршалып, қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталмақ.

Жоба аяқталған соң жаңа нысан балалардың қауіпсіз ойнауына, жастардың спортпен айналысуына және тұрғындардың таза ауада жайлы демалуына мүмкіндік береді.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы тұрғындар өз аумағын абаттандыруға қатысты ұсыныстарын ұсынып, елді мекеннің дамуына тікелей үлес қосуға мүмкіндік алып отыр.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
130 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
318 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
307 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»