Спорт саласының үздіктеріне құрмет көрсетілді
Орал қаласындағы «Jaiyq Arena» спорт кешенінде Спорт күніне арналған «Спорт – рух, бірлік, жеңіс!» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Кештің негізгі мақсаты – дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту, өңір спортшыларының жетістіктерін дәріптеу және сала мамандарына құрмет көрсету.
Мерекелік кеш заманауи форматта ұйымдастырылып, қонақтарды қызыл кілеммен қарсы алу рәсімі өтті. Кеш барысында Батыс Қазақстан спортының үздіктері таныстырылып, олардың жетістіктері көпшілікке ұсынылды.
Шараның басты ерекшеліктерінің бірі – спорт пен цифрлық технологиялардың үйлесуі болды. Өңір спортшыларының жеңістері мен маңызды жетістіктері голографиялық технологиялар арқылы көрсетіліп, жасанды интеллект мүмкіндіктері пайдаланылды. Көрермендерге лазерлік шоу, мультимедиялық қойылымдар мен түрлі визуалды эффектілер ұсынылды. Бағдарлама мазмұны 2026 жылғы «Жасанды интеллект жылы» идеясымен сабақтастырылды.
Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев спортшылар қауымын мерекемен құттықтап, аймақ басшысының жылы лебізін жеткізді. Ол соңғы үш жылда облыста 24 жаңа спорт нысаны бой көтергенін атап өтті. Сонымен қатар бірқатар спорт ғимараты жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін айтты.
Кеш барысында Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы, ауыл жастарын боксқа баулып жүрген спорт ардагері Александр Пятинге және садақ атуды дамытуға үлес қосып жүрген жаттықтырушы Константин Салодовниковке салалық төсбелгілер табысталды. Сондай-ақ бір топ азаматқа облыс әкімінің атынан алғыс хаттар берілді.
Мерекелік бағдарлама концертпен жалғасып, елімізге танымал өнер жұлдыздары мен жергілікті орындаушылар өнер көрсетті. Спорт, өнер және заманауи технологиялар тоғысқан кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жалған ақпаратқа қарсы орталық: Құрылтай сайлауы қарсаңында фейктер көбейді
«Тиімді басқару, сабақтастық және «Адал азамат» құндылықтары»: облыс педагогтерінің тамыз кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды
Атом реакторларының қауіпсіздігі қалай тексеріледі? Ұлттық ядролық орталық өкілімен сұхбат
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызметшінің құндылық мінез-құлқы: «Адал азамат» моделі» тақырыбында семинар өтті
Құрылтай сайлауы жақындады: партиялар өңірлердегі жұмысын күшейтіп, пікірсайысқа шықты
Саяси партиялардың төрағалары 19 тамызда қорытынды теледебатқа қатысады – ОСК
На Jibek Joly завершились командные теледебаты: опубликованы итоги онлайн-голосования
Институт ядерной физики — научно-технологическая опора атомной энергетики Казахстана
Партиялар жалақы, өндіріс және инфрақұрылым мәселелерін талқылады, ал «Ақ жол» Respublica сынына жауап берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Развитие ядерно-топливного цикла в Казахстане: от сырья к высокотехнологичной продукции

Кіру




