8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Тамыз 2026 282 0
Жаңалықтар

Прокуратура қайтарған қаражат Алғабас ауылы тұрғындарының игілігіне

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура қайтарған қаражат халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға жұмсалуда.

Батыс Қазақстан облысында осындай жобалардың бірі – Теректі ауданының Алғабас ауылын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету.

Көптеген жылдар бойы елді мекенде орталықтандырылған ауыз су жүйесі болмаған. Тұрғындар жыл мезгілі мен судың сапасына қарамастан, құдық суын пайдалануға мәжбүр болды.

2025 жылы прокуратура қайтарған активтер есебінен құны 576,9 млн теңгені құрайтын орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жүзеге асырылды.

Жоба аясында екі су ұңғымасы бұрғыланып, елді мекенді тұрақты сумен қамтамасыз етуге қажетті инженерлік инфрақұрылым құрылды.

Нәтижесінде 200-ден астам абонент өз үйлерінде сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Аталған жобаның іске асырылуы – мемлекетке қайтарылған активтердің халық игілігіне тиімді бағытталып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге жұмсалып жатқанының нақты көрінісі.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
130 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
318 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
307 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»