8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Тамыз 2026 44 0
Өңір жаңалықтары

Өңірде жылыту маусымына дайындық күшейтілді

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында алдағы жылыту маусымына әзірлік пен су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстардың барысы қаралды.

Қазіргі таңда өңірдегі әлеуметтік нысандар мен көппәтерлі тұрғын үйлердің жылыту кезеңіне дайындығы 64–87%-ды құрап отыр. Алдағы он күн ішінде Казталов, Тасқала және Теректі аудандарындағы бюджеттік мекемелерге қажетті 127 тонна көмір толық жеткізілмек.

Жиында жылу және энергетика нысандарының қазіргі дайындығы да сөз болды. «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс су арнасы» ЖШС, «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС және негізгі электр өндіруші кәсіпорындарда газтурбиналық қондырғылар мен қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 21,9 млрд теңгеге 10 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар электр және жылу желілерін, сорғы станцияларын жаңартуды, сондай-ақ су ұңғымаларын салуды қамтиды.

Комиссия отырысында өрт қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылды. Өңір басшысының орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов Орал қаласы мен аудан әкімдіктеріне жауапты құрылымдармен бірлесіп, мемлекеттік және жеке сектор нысандарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне газ датчиктерін орнату жұмыстарын 1 қарашаға дейін аяқтау міндеті қойылды.

Су тасқынының алдын алу бағытындағы жұмыстар да кезең-кезеңімен жүргізілуде. Өңірдің 2025–2027 жылдарға арналған су тасқынына қарсы кешенді жоспарында барлығы 104 іс-шара көзделген. Оның 31-ін биыл аяқтау жоспарланған.

Су ресурстарын тиімді басқару мақсатында Деркөл өзенінің 7 шақырымдық арнасы тазартылып, кейтіліп жатыр. Утва өзенінің 11 шақырым учаскесін тазарту жобасы мемлекеттік сараптамаға жолданбақ. Биыл Көшім өзені мен Шаған тармағында жалпы ұзындығы 68 шақырым болатын су арнасын тереңдету жұмыстары жүргізіледі.

Бұдан бөлек, коммуналдық нысандарды тиімді пайдалану мақсатында олардың 80%-ы «Батысирригация» мекемесінің теңгеріміне берілді.

Комиссия қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов жауапты органдарға кешенді жоспардағы барлық шараларды белгіленген мерзімде әрі сапалы орындауды тапсырды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Өңірде жылыту маусымына дайындық күшейтілді
15 Тамыз 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
14 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Шекара сақшылары қызметке кірісті
14 Тамыз 2026
74 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Атом реакторларының қауіпсіздігі қалай тексеріледі? Ұлттық ядролық орталық өкілімен сұхбат
14 Тамыз 2026
84 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
14 Тамыз 2026
86 0
Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!
14 Тамыз 2026
56 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Институт ядерной физики — научно-технологическая опора атомной энергетики Казахстана
13 Тамыз 2026
118 0
Өңір жаңалықтары
Белсенді жастар – қала дамуының қозғаушы күші
13 Тамыз 2026
131 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Развитие ядерно-топливного цикла в Казахстане: от сырья к высокотехнологичной продукции
12 Тамыз 2026
149 0
Табиғат
12 тамыз – Каспий теңізі күні
12 Тамыз 2026
157 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»