8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Тамыз 2019 1620 0
Жалын

ТҮЛЕКТЕР МЕН ОҚУШЫЛАР ЖАҢА ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІН ЖАСАҚТАДЫ

Оралдағы Зияткерлік мектеп түлектері мен оқушылары тамақтану орындарына арналған жаңа төлем жүйесін жасақтады. «Pie Pay» бойынша тұтынушы мекеме ұсынған арнайы pау карта арқылы тө­лем жасай алады. 

Жоба жетекшісі  – АҚШ-тағы Вирджиния унисерситетінің студенті, Оралдағы Зияткерлік мектеп түлегі Шымболат Тналиев. Талапты жас Финляндия, Түрк­ияда білім алып жатқ­ан мектеп түлектері мен оқушылардың басын қосқан.

– Шет елде қазақстандық студенттер маған көп көмектесті. Мен де білген-түйгенімді өзгелермен бөлісуді парызым деп санаймын. Бізд­ің шетелде жинақтағ­ан тәжірибе мен оқушылардың білімі бір арнада тоғысты, – деп бөлісті Шымболат.

Команда мүшелерінің әрқайсысына түрлі мі­ндеттер жүктелген: бірі бағдарламалаушы қызметін атқарса, қа­лғандары дизайн жаса­у, қаржылық сұрақтар­ды реттеу, маркетинг, ұйымдастыру жұмыст­арына жауапты.

Жастардың сөзінше, жаңа төлем жүйесі уақ­ыт үнемдейді, тапсыр­ысты жеделдетеді. Со­нымен қатар жеке мәл­іметтер қажет болмағ­андықтан, тұтынушы қауіпсіздігін қамта­масыз етеді. Қазір инвесторларм­ен келіссөз жүргізіл­уде. Көп ұзамай Алма­тының тамақтанатын мекемесінде тестілеуд­ен өтпек.

– Біз бұл жо­баны «трамплин» деп атар едік. Себебі ст­артапты бастау, өнім­ді ұсыну жолдары, ко­мпаниялармен қарым-қ­атынас сияқты тәжіри­бе жинақтаудамыз, – дейді 11-сынып оқушысы Данияр Жарқынұлы.

Түлектерден үлгі алғ­ан оқушылар да мект­еп игілігі үшін бірқатар жобаны қолға алған. Даниярдың сөзінше,  қазір оқушыларға арна­лған дербес сайт жас­алуда. Соным­ен қатар облыс мектептері оқушыларының қатысуымен түрлі жарыстар ұй­ымдастыру жоспарда.

Айта кететін жайт коман­да мүшелері – мектеп­тегі робототехника курсының қатысушылары. Осы жерде олар әркімнің белгілі бір салада қабілеті бар екенін аңғарыпты.

– 5-сыныптан бастап шетелде білім алуды армандадым. Арманымды ақиқатқа айналдырған физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұстаздарына алғыс айтамын. Басты жоспарым – Отаныма оралып, электр энергетикасы саласына үлесімді қосу, – дейді болашақ инженер Шымболат.

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»