8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қаңтар 2020 5942 0
Жалын

STEM ЗЕРТХАНАЛЫҚ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Бүгін Орал қаласындағы Ж.Молдағалиев атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп базасында Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында STEM кабинеті ашылды. Оған Орал қаласының әкімі А.Шыныбеков, білім басқармасы басшысының орынбасары З.Ғұмарова, білім саласының қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты.

Шара барысында биология, география және физика пәндері мұғалімдерінің қатысуымен STEM Smart Panel интерактивті жабдығын күнделікті оқытуда қолдану арқылы ашық сабақ өткізілді.
Жалпы, STEM бағдарламасында жаратылыстану ғылымы, жаңа технологиялар, математика, инженерлік бағытқа басым назар аударылған. Зертханада бір мезетте 15-ке жуық бала сүйікті ісімен айналыса алады. Кабинетте 3д модельдеу аймағы, конструкторлық бюро, тестілеу зонасы сынды роботтарды жасауға арналған орын бар.
Ашық сабақ виртуалды STEM кабинетінде STEM Smart Panel интерактивті жабдығын және мұғалімдерге барлық анатомиялық органдардың құрылымын егжей-тегжейлі талдауға және анимациялармен презентация жасауға мүмкіндік беретін, жоғары сапалы визуалды – интерактивті «Vived science» БҚ-мен өткізілді.
Дәрістен кейін оқушылар сұрақтарға жауап беріп, нысандардың бөліктерін салыстыра отырып, жиналмалы модельдерді қайта жинады.

– Балалар біздің болашағымыз, сондықтан, 21 ғасыр технология заманында оқушылардың зияткерлік машығын дамыту қажет. Алдағы уақытта тағы 15 мектепті STEM кабинетімен қамтамасыз ету көзделіп отыр», – дейді қала әкімі А.Шыныбеков.
Қазіргі уақытта виртуалды STEM кабинетімен Орал қаласының №2,7,10,12 ЖОББМ-тері және А.Тайманов атындағы №34 мектеп гимназиясы жабдықталған.

Үміт Жәңгірова, БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»