8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Тамыз 2026 29 0
Қоғам

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Мемлекет басшысы Ақорда төрінде өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, ұлт мүддесі үшін қажырлы қызмет етіп, халықтың ықыласына бөленіп келе жатқан бір топ азаматқа құрмет көрсетті.


 
Атап айтқанда, көрнекті суретші, танымал өнер қайраткері Бәтима Зәуірбековаға «Отан» ордені, көрнекті әдебиеттанушы ғалым Тұрсын Жұртбайға I дәрежелі «Барыс» ордені, мемлекет қайраткері Александр Судьинге II дәрежелі «Барыс» ордені табысталды. Белгілі актер, көрнекті театр режиссері Нұрқанат Жақыпбайға «Қазақстанның халық әртісі» атағы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Виктор Хильниченкоға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев марапат иелерін құттықтап, әрқайсысының ел үшін сіңірген еңбегіне жеке-жеке тоқталды
Президент ұлттық мәдениетімізді дамыту жолында көп еңбек етіп, бейнелеу өнерінде қайталанбас қолтаңбасымен ерекшеленген Бәтима Зәуірбекова отандық гобелен өнері мектебінің негізін қалап, қазақ әйелдері арасынан шыққан осы саладағы тұңғыш кәсіби маман атанғанына назар аударды.

– Шығармашылығыңыз жоғары деңгейде мойындалып, Мемлекеттік сыйлықтың иегері болдыңыз. Халқымыздың тарихын, бітім-болмысын, ою-өрнегі мен салт-дәстүрін дәріптеуге баса мән бердіңіз. Сіздің туындыларыңыз Алматы және басқа да қалалардың әйгілі ғимараттарына көрік беріп тұр. Туындыларыңыз өз елімізбен қатар шет мемлекеттерде сақталуда. Сіздің еңбектеріңізді әлемге белгілі мамандар өте жоғары бағалайды. Ұлттық өнер жолында салған дара жолыңыз жас буын азаматтары үшін тамаша үлгі-өнеге деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев саналы ғұмырын ұлт руханиятын дамытуға арнап келе жатқан көрнекті ғалым, қарымды қаламгер Тұрсын Жұртбай төл тарихымыздың ақтаңдақ тұстарын зерттеп, халықтың сана-сезімін жаңғыртуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

– Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, жан-жақты дәріптеуге зор еңбек сіңірдіңіз. Абай – ұлттың рухани темірқазығы, өскелең ұрпақтың айнымас бағдары. Шын мәнінде, ұлы ойшылды тану – қазақты тану деген сөз. Сіз Мұхтар Әуезовтің және ұлт қайраткерлерінің мол мұрасы мен өнегелі өмірі туралы құнды ғылыми еңбектер жаздыңыз. Шоқтығы биік көркем шығармаларыңыз арқылы төл әдебиетіміздің құндылығын арттыра түстіңіз, – деді Мемлекет басшысы.

aqorda_resmi

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Развитие ядерно-топливного цикла в Казахстане: от сырья к высокотехнологичной продукции
12 Тамыз 2026
42 0
Табиғат
12 тамыз – Каспий теңізі күні
12 Тамыз 2026
60 0
Өңір жаңалықтары
Шаруалардың ұсыныстары қаралды
12 Тамыз 2026
56 0
Өңір жаңалықтары
Электронды қызметке сұраныс жоғары
12 Тамыз 2026
55 0
Таза Қазақстан
Жастар тазалыққа үлес қосты
12 Тамыз 2026
57 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?
11 Тамыз 2026
92 0
Өңір жаңалықтары
Бейбіт күннің батырларына құрмет
11 Тамыз 2026
96 0
Руханият
Ұлы ақын мұрасы ұлықталды
10 Тамыз 2026
125 0
Инфрақұрылым
Жылу жүйесін жаңарту – басты назарда
10 Тамыз 2026
73 0
Инфрақұрылым
Тозған жылу желісі жаңартылуда
10 Тамыз 2026
133 0
Құттықтаймыз!
Құрылыс саласының үздіктері марапатталды
09 Тамыз 2026
200 0
Құттықтаймыз!
Бүгін – құрылысшылардың кәсіби мерекесі!
09 Тамыз 2026
154 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»