Саяси партиялардың төрағалары 19 тамызда қорытынды теледебатқа қатысады – ОСК
Саяси партиялардың төрағалары 19 тамызда қорытынды теледеабатқа қатысады. Бұл туралы Астанада Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясының XII отырысы өтті.
Отырыста Күн тәртібіне сәйкес жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу, өтініштерді қарау барысы, сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысты ұйымдастыру және өткізу мәселелері туралы, сайлауға шет елдер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мәселелері қаралды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлаушыларға сайлауға қатысуға арналған дербес шақыруларды табыстау жөніндегі тапсырманы жауапкершілікпен орындаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
«Өткен аптадан бері мен және Орталық сайлау комиссиясының мүшелері еліміз бойынша инспекциялық сапарлар жүргізіп келеміз. Бүгінгі күнге дейін 12 өңірде болып, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен, дауыс беру учаскелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуымен және сайлаушыларды ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстық», – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында осы сайлау науқанының қорытынды телепікірсайыстарының қалай өтетіндігі туралы да айтылды. ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік атап өткендей, сайлау туралы конституциялық заңның 28-бабына сәйкес, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысуға құқылы.
«Пікірсайыстарды өткізудің негізгі қағидаттарының бірі – барлық қатысушы үшін тең жағдай жасау. Оларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары қандай да бір саяси партияға немесе оның кандидаттарына артықшылық бермеуге тиіс. Сайлау алдындағы пікірсайыстар сайлау заңнамасының талаптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу тәртібі мен шарттарына сәйкес өткізіледі. Осыған байланысты сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды өткізу алаңын, форматы мен шарттарын айқындау бойынша қажетті ұйымдастыру жұмысы жүргізілді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысы бойынша қорытынды пікірсайыстарды өткізу алаңы ретінде «Хабар» агенттігі» АҚ-ның «24KZ» телеарнасы айқындалды», – деп хабарлады Ләззат Сүйіндік.
«24KZ» телеарнасын таңдау оның техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ақпаратты кең ауқымда тарату мүмкіндігіне байланысты екені атап өтілді. Бұл пікірсайыстардың толыққанды телевизиялық трансляциясын қамтамасыз етіп, сайлаушыларды барынша көбірек қамтуға мүмкіндік береді.
Бекітілген регламентке сәйкес, дебаттар өзіндік міндеті мен форматты қамтитын 4 раундтан тұрады. Атап айтқанда, «Партияны таныстыру», «Оппоненттерге сұрақтар», «Көрермендерден сұрақтар», «Сайлаушыларға үндеу».
Бүгінгі таңда тіркелген 7 саяси партияның барлығы қорытынды телепікірсайысқа өз төрағаларының қатысатынын растады.
Еске салсақ, кеше Jibek Joly телеарнасында саяси партиялар өкілдері арасында командалық дебат өтті.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады

Кіру