ШЕТЕЛДІК ЖОЛАУШЫЛАР ЖОЛДА ҚАЛДЫ
«Самара-Шымкент» автотрассасымен келе жатқан «Vanhool» маркалы жолаушылар автобусы Сырым ауданының тұсында сынып, 23 жолаушы жолда қалған.

БҚО төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, бүгін, 22 қараша күні таңғы сағат 7.06-да БҚО ТЖД және жергілікті атқарушы орган өкілдері жолда қалған шетелдік 23 жолаушыны эвакуациялап, «Қазавтожол» АҚ №39 ДЭУ базасындағы жылыту пунктіне орналастырған. Олардың 21-і өзбекстандық, екеуі – Тәжікстанның азаматтары екен. Зардап шеккендер жоқ.
Автобустың әуе компрессорының бұзылғаны анықталды. Ақау жойылып, жолаушылар сапарларын жалғастырып кеткен.
Құтқарылғандар қатарында болған Тәжікстан Республикасының азаматы Шокир Хужамалиев пен Өзбекстан Республикасының азаматы Юсуфбек Косимов ТЖ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне жедел көмектері үшін шынайы алғысын білдірді.


Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу