8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Наурыз 2019 2298 0
Мәслихат жаршысы

«ШАҢЫРАҚТАҒЫ» НАУРЫЗ ТОЙ

Наурыз мерекесі қарсаңында қалалық мәслихат депутаттары Валерий Крылов, Ләззат Рысбекова,  жеке кәсіпкерлер Галина Хайруллина, Қабден Бекқалиев «Шаңырақ» жасөспірімдер үйі тұрғындарын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, сый-сыяпаттарын үлестірді.

 

 

Шат-шадыман мереке аясында балалар тұсау кесу, бесікке салу рәсімдерін тамашалап, мәре-сәре болса, «ҚазИИТУ»  ғылыми-білім кешенінің белсенді студенттері түрлі өнерлерін ортаға салып, жатақхана тұрғындарын тәнті етті.

      Жетімдер үйінде өсіп, кейін өзара отбасын құрған  жандар жатақхана үлгісіндегі «Шаңырақ» жасөспірімдер үйін паналайды.  Мұндағы 115 тұрғынның  35-і отбасылы, 15-і жалғызбасты ана, 65-і бүлдіршіндер. Сондықтан да дәстүрлі мерекеде демеушілердің келуіне балғындар мәз.  «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің меңгерушісі Өмірбай Қалымбетовтың айтуынша, мұндағы жағдай бәз-баяғысынша, ғимарат әбден ескірген, орын тар,  бала саны жыл санап артып келеді. Ағымдағы жылы күрделі жөндеу жасалады деген үміт бар.

 

Әр мереке сайын  балғындарға шат мереке сыйлап жүрген  «Нұр» балалар үйі мен мектеп-интернат түлектерінің Батыс Қазақстан Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Геннадий Франк бір кездері өзі де балалар үйінде өскенін, сол себепті мұндағы тұрғындардың жағдайын түсінетінін тілге тиек етті.  Ал жатақхана тұрғындары жомарт жандарға алғыстарын білдірді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
191 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
158 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»