8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қараша 2019 1586 0
Қалалықтар қаперіне

ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУҒА МӘН БЕРІЛМЕК

Бүгін Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков жергілікті «Ақжайық» телеарнасының «Әкім сағаты» бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығып, қаланың инфрақұрылымын жақсарту және қалалықтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстар туралы баяндады. Эфир барысында қаланың жарықтандырылуына қатысты сұрақтар жиі қойылды.

Мәселен, қала тұрығы С. Мәжитова «Самал» шағынауданында, круглоозерныйлық Қ.Сатаева ауыл ішіндегі жарықшамдар дұрыс жанбайтынын жеткізді.

Қала әкімінің айтуынша, бүгінгі таңда, қаламыздың көше-жол желісінде 20 мыңнан астам жарықшамдар бар. Соның ішінде, 5 мыңнан астамы жарықдиодты лампалар болса, қалған 15 мың лампалар ескі үлгідегі шамдар.  Бүгінгі таңда, қаламыздың, 268 көшесі және 372 аула аумағы жарықтандырылған.

– Бұл әрине жеткіліксіз. Жуырда ғана 18 ғимарат қайта жарықтандырылды. 76 ғиммарат бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келесі 2020 жылы 15 мыңнан астам ескі үлгідегі шамдарды жарықдиоды лампаларға ауыстыру көзделуде. Сондай-ақ Қадыр Мырза Әлі шағынауданы, Қонаев, Жаңа Орда шағынаудандарын жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақтап, жарықтандыруды көздеп отырмыз.Бұл жобада 800-дей жарықшам қойылуы жоспарланды , – деді Абат Абайұлы.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
115 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
211 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
195 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»