8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Мамыр 2019 2937 0
Қоғам

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛЫП, АЗА ТҰТТЫ

               Бүгін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай оралдықтар қала шетіндегі жаңа зират маңына жиналып, тоталитарлық жүйенің жендеттері жазықсыз қуғынға ұшыратып, қатыгездікпен жазаланған отандастарымыздың рухы алдында аза тұтты. Азалы жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, қала әкімі Мұрат Мұқаев, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады. 

          

Елбасының 1997 жылғы 5-сәуірдегі Жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Бұл күндер халқымыздың басынан өткен төл тарихтың белгісіз болып кеткен беттерін терең ұғынуы үшін, сол қателіктердің болашақта қайталанбауы үшін қажет. Статистикаға сүйенсек, ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 млн. адам мерт болған екен. Ал саяси қуғын-сүргін болған 1927-53 жылдары Қазақстанда қуғын-сүргінге 103 мың адам ұшырап, 25 мың адам атылған. Солардың арасында батысқазақстандықтар да болды.

Азалы жиында Тәжиден Батырұлы атындағы қалалық мешіттің бас имамы Мейрамбек  Әбдрахманов қуғын-сүргін құрбандарына құран бағыштады. Орал епархиясы әйелдер монастырының игумені Стефан Капинос христиандық діни рәсім-жоралғысын орындады. «Бүгін барша еліміз үшін айрықша күн. Сонау, өткен ХХ ғасырдың отызыншы жылдары «халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жүргізілген саясаттың салда-рынан талай боздақ қуғынға ұшырады, тіпті олардың жақын-туыстары да жапа шекті. Бүгін біз солақай саясаттың құрбаны болған қазақтың ұл-қыздарын еске алу үшін жиналдық. Жастарымызды тарихты ұмытпауға тәрбиелеуіміз керек. Зорлық пен зомбылық көріп көз жұмған бауырларымыздың ерлік күресі, қастерлі есімдері ешқашан ұмытылмақ емес. Олардың рухын қастер тұтып, басымызды иеміз» деді БҚАТУ доценті Болатқали Төлебаев.

Бұдан соң жиналғандар саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жиын соңында облыс әкімі Алтай Көлгінов Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш қайта жаңғыртылатынын жеткізді.

 

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»