8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Ақпан 2022 3267 0
Дені сау ұлт

САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ТИЕСІЛІ?

«Маған сақтандыру не үшін қажет, мен не үшін төлем төлеймін, МӘМС не береді?» Азаматтар жиі осындай сұрақтар қояды. Көптеген адамдар МӘМС тізімінде қандай медициналық көмекке сенім арта алатындығын білмейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС-ға не кіретінін және  сақтандырылған  азаматтардың  қандай  құқықтары бар екенін айтып берді.

 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында  көрсетілетін медициналық көмектің көлемін арттыру үшін МӘМС жүйесі енгізілді. 2022 жылы халыққа медициналық  көмекті  қаржыландыруға 2,049 трлн теңге, оның ішінде ТМККК бойынша – 1,2 трлн,  МӘМС бойынша – 838 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр.  Тегін  медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сақтандырылмаған азаматтарға да көрсетіледі. Оған шұғыл жағдайларда медициналық көмек, учаскелік маманның қабылдауы, шұғыл операциялар, әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу кіреді (толық Тізбемен Қор сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://fms.kz/press-center/press-relizy/34732/).

МӘМС тізбесінде медициналық көмек «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі бар азаматтарға көрсетіледі.  Бұл ретте 15 жеңілдік санатындағы 11 млн адамға мемлекет  жарна  төлейді.  Бұл  адамдар  сақтандырылған және қосымша ақысыз медициналық көмек алу керек.

МӘМС тізіміне мыналар кіреді:

  1. Амбулаториялық жағдайдағы медициналық көмек (ауруларды диагностикалау және емдеу):

– скринингтік зерттеулер;

– МСАК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша бейінді мамандардың консультациялары;

– ауруларды диагностикалау және емдеу;

– халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысандағы стоматологиялық көмек;

– күндізгі стационар және үйдегі стационар; – рәсімдер мен манипуляциялар;

  1. Тәулік бойғы стационарда ауруларды емдеу және диагностикалау. Бұл жерде біз барлық аурулар бойынша медициналық көмек туралы айтамыз, соның ішінде қымбат тұратын операциялар, мысалы, кардиологиялық, ортопедиялық, есту органдарына жасалатын операциялар және т.б.
  2. Диагностика және емдеу хаттамаларында көзделген барлық аурулар бойынша медициналық оңалту;
  3. Скринингтік зерттеулерді, операцияларды және т. б. жүргізу кезінде биоматериал жіберілетін гистологиялық, цитологиялық және басқа да зерттеулерді қамтитын патологиялық-анатомиялық диагностика;
  4. транспланттау кезіндегі диагностикалық зерттеулер;
  5. Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету.

«Шұғыл  көмек  сақтандырылмаған адамдарға да көрсетіледі. Ол ТМККК шеңберінде  жүреді. Алайда, медициналық көмек жоспарлы түрде МӘМС-те ұсынылады. Сақтандырылған тұлға мәртебесіне ие бола отырып, пациент медициналық қызметтердің ең көп түріне қол жеткізе алады. Тар бейінді мамандардың қабылдауы, әртүрлі талдаулар, КТ, МРТ, УДЗ, рентген, ЭКГ сияқты қымбат зерттеулер, көптеген аурулардың диагностикасы, оңалту қызметтері, жоспарлы операциялар МӘМС тізбесіне кіреді.

«САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесін алу үшін алдыңғы 12 айға жарналарды  төлеу қажет.  БЖТ төлеушілерге соңғы айларда, соның ішінде ағымдағы айларда үш реткі уақтылы төлемнің болуы жеткілікті. БЖТ төлеушілер үшін сақтандырылу мәртебесі төленген айдың соңғы күніне дейін әрекет ететіндігін еске салу қажет. Мысалы, егер МӘМС үшін төлем ақпан айында болса, онда 1-наурыздан  бастап егер БЖТ кезекті төлемін жасамасаңыз,  сақтандырылмайсыз!  Егер ағымдағы кезеңде немесе алдын ала төлем болмаса, мәртебе жоғалады және оны қалпына келтіру үшін БЖТ-да үшінші бірізді төлемінің басталуын қайтадан күтуге тура келеді.

Егер сізде сақтандырылған тұлға мәртебесін алуға немесе медициналық көмек алуға қатысты сұрақтар туындаған болса, сіз әрбір медициналық ұйымда бар Пациентті қолдау қызметіне жүгіне аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтінішті өзіңізге ыңғайлы байланыс  арнасы бойынша қалдыруға болады: fms.kz  ресми  сайты, 1406 байланыс орталығы, Goldau 24/7 мобильді қосымшасы және  Telegramдағы  SaqtandyryBot.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
557 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»