8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қараша 2023 3427 0
Қоғам

«Сағаттың өлең сағаты әлі соғып тұр…»


Бүгін, қарашаның 9-ы күні  Қадыр Мырза Әлі атындағы
облыстық мәдениет және өнер орталығында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері  басқармасы мен Қадыр Мырза  Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Сағат Әбдуғалиевтың 75 жылдығына орай « Жүрегіме жүгі түсті жаһанның» атты облыстық жыр мүшәйрасы болды.

Шараға келгендер  аталмыш сарайдың алдындағы ескерткішке жиналып,  Сағат Әбдуғалиевты еске алды. Ескерткіштің алдына облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов пен ақынның ұлы Айқын Әбдуғалиев гүл шоғын қойды.

Бұдан кейін мүшәйраның ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов: – Құрметті өнер сүйер қауым! Ақжайық өңірінен шыққан тума талант Сағат Әбдуғалиевтың жырлары ешқашан өшпейді. Қағаз ұстап, қалам ұштаған буын өкілдері ақынның жырларын жата жастана оқып, жатқа айтып жүреді. Себебі, оның өмір сағаты тоқтағанмен, өлең сағаты әлі соғып тұр. Небәрі 36 жас  ғұмыр кешкен ақын қазақтың жүрегінде қалды. Қысқа ғұмырында тағдырдың ащы тұщысын татып үлгерген ол поэзия аспанында жарқ етіп көрінгенақын,-деді. Бұдан кейін ақынның ұлы Айқын Әбдуғалиевтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

 Содан кейін сахна төрінде сегіз ақын  Сағат Әбдуғалиевтың  жауһар жырларын төгілте оқып, көрермендердің ықыласына бөленді. Мүшәйра нәтижесінде  бас жүлде Абылайхан Мақсұтовқа бұйырды. Бірінші орынға Мәрлен Ғилымхан, екінші орынға  Ақтілек Әлібекұлы  лайықты деп танылды. Үшінші орынды Алтынбек Ермекқалиев иеленді. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар Алғыс хатпен марапатталып, ақшалай сый-сияпат көрсетілді.

Гүлжане АЯЗБАЕВА

(Мүшәйраның толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар)

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
127 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
135 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
262 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
529 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
582 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
651 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
677 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
724 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
946 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
961 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
916 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»