«Сағаттың өлең сағаты әлі соғып тұр…»

Бүгін, қарашаның 9-ы күні Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы мен Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Сағат Әбдуғалиевтың 75 жылдығына орай « Жүрегіме жүгі түсті жаһанның» атты облыстық жыр мүшәйрасы болды.
Шараға келгендер аталмыш сарайдың алдындағы ескерткішке жиналып, Сағат Әбдуғалиевты еске алды. Ескерткіштің алдына облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов пен ақынның ұлы Айқын Әбдуғалиев гүл шоғын қойды.
Бұдан кейін мүшәйраның ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов: – Құрметті өнер сүйер қауым! Ақжайық өңірінен шыққан тума талант Сағат Әбдуғалиевтың жырлары ешқашан өшпейді. Қағаз ұстап, қалам ұштаған буын өкілдері ақынның жырларын жата – жастана оқып, жатқа айтып жүреді. Себебі, оның өмір сағаты тоқтағанмен, өлең сағаты әлі соғып тұр. Небәрі 36 жас ғұмыр кешкен ақын қазақтың жүрегінде қалды. Қысқа ғұмырында тағдырдың ащы – тұщысын татып үлгерген ол поэзия аспанында жарқ етіп көрінгенақын,-деді. Бұдан кейін ақынның ұлы Айқын Әбдуғалиевтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Содан кейін сахна төрінде сегіз ақын Сағат Әбдуғалиевтың жауһар жырларын төгілте оқып, көрермендердің ықыласына бөленді. Мүшәйра нәтижесінде бас жүлде Абылайхан Мақсұтовқа бұйырды. Бірінші орынға Мәрлен Ғилымхан, екінші орынға Ақтілек Әлібекұлы лайықты деп танылды. Үшінші орынды Алтынбек Ермекқалиев иеленді. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар Алғыс хатпен марапатталып, ақшалай сый-сияпат көрсетілді.
Гүлжане АЯЗБАЕВА
(Мүшәйраның толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар)
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру