8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2020 1233 0
Қоғам

ҰРЛЫҚШЫЛАРДЫҢ АЙЛАСЫ

Осыдан бір күн бұрын Орал қ.ПБ КПб жедел уәкілдері 2020 жылғы сәуір мен май айлары ішінде ұрлыққа жол берген, құрамында екі жігіттен құрылған қылмыстық топты ұстады.  Күдіктілер екі ай бойы қала ішіндегі гараждардың есіктері күштегенде сынбаса, тепкенде  құлыптары бұзылмаса, қабырға тастарын сындырып ішке  кірген.  Сондай-ақ гараждың астынан кіру үшін іргесін тереңдетіп  қазған.  Осылайша,  бірнеше гаражға ұрлыққа түсіп,  гараж ішіндегі жеке мүліктерді ұрлап, өз мекен-жайларына  жеткізіп отырған.

Мысалы, 4 сәуірдегі кешкі сағат 18.00  ден 10 сәуірдегі кешкі сағат 18.30 аралығында кезектесіп, гараждың іргесін қазып, бір кісі сиятындай ойық қазған. Сол ойық арқылы «Производственная» көшесіндегі бір үй ауласындағы металл гаражға  кірген. Гараж ішіндегі 4 дана  қысқы резеңке  дөңгелектерді, 4 дана  жазғы резеңке дөңгелектерді, көк түсті корпусы бар аккумулятор,  5 литрлік пластик  құтыға құйылған 100 дана сұйықтық құралын ұрлаған.

Жеке заттарының ұрланғанын айтып,  «102»- ге телефон соққан 1996 жылғы А. есімді азаматқа 172 мың теңге материалдық залал келді. Оқиға орнына барған Орал қ.ПБ- ның жедел-тергеу тобы аяқ киім іздерін,  дөңгелек іздерін және киімнің іздерін  алып қайтты. Көп кешікпей КПб жедел уәкілдері  гараждар мен мекемелерге ұрлыққа түскен осы екі жігітті ұстады. Полиция қызметкерлері қылмыстық топ құрамында болған күдіктілер туралы толық мәліметтер жинап, бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарын анықтады.
Бүгінгі  күні басқарманың тергеу бөлімінде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188  бабының 3 бөліміне сай 3 эпизодпен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.  Бұлардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. .

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»