8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қараша 2019 2129 0
Өзек

ПОЛИЦИЯ ҚАҒЫП КЕТКЕН ҚЫЗДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ӨТЕ АУЫР

Полиция қызметкері қағып кеткен арудың жағдайы өте ауыр. Ол бүгінгі таңда қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде ем алуда. Ақ халаттылар әріптестерін аман алып қалуда бар жағдайды жасап жатырмыз дейді.


Дегенмен де ота жасалғалы 1 тәулік асса да, ол есін жимаған. Арнайы құрылғының көмегімен тыныс алуда. Қалалық көпбейінді аурухана директорының орынбсары Бақтияр Тәшкенбаетың айтуынша науқастың жағдайы өте ауыр. – Науқас ауруханаға жеткізілген бойда жедел түрде ота жасалды. Оған республиканың әр түпкіріндегі мамандармен келісіле отырып ем жасалуда. Түтік арқылы тамақтандырып жатырмыз. Қазіргі уақытта нақты бір ақпарат айтуға болмайды,– деді. Б. Тәшкенбаев. Дәрігерлер оның қай уақытта есін жиярын дөп басып айта алмай отыр. Науқас жедел жәрдем қызметімен келгенде-ақ, ессіз болған.

Естеріңізге сала кетеміз, 18 қараша күні 21 жасар медицина қызметкерін түнде тәртіп сақшысы жаяу жүргіншілер жолағында қызметтік көлігімен қағып кеткен болатын. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, 21 жасар ару Қаратөбе ауданының тумасы және мамандығы фельдшер. Ол Оралдағы 6 емханада учаскелік дәрігер қызметін атқарған. Әріптестері болса, өмір үшін күресіп жатқан арудың тек жақсы қырларымен танылып үлгергенін айтады.

Ал кеше, 19 қараша күні БҚО Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор М.Аблазимов қарауындағы қызметкері қағып кеткен қыз баланың туыстарынан кешірім сұрады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
512 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»