8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Тамыз 2019 1726 0
Қоғам

«ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЛ-КҮЙІ ЭКОЛОГТАРДЫҢ ҒАНА ПРОБЛЕМАСЫ ЕМЕС»

             Қоршаған ортаны сауықтыруға ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде қалыптастыру – әлем елдерінің алдында тұрған маңызды мәселе. Экономикалық дамуда біртұтас әлеуметтік-экономикалық және экологиялық көзқарас қалыптастыру қажет. Редакциямызға арнайы келген Батыс ан облысының экологиялық қауымдастығының мүшесі, «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің оқытушысы Ерлан Нағымұлы Хұсайынов осы тақырып аясында сұқбат беріп, халықтың экологиялық мәдениетін көтеру жолдары туралы ой бөлісті. 

– Ерлан Нағымұлы, соңғы жылдары экология мәселелері туралы жиі айтылып жүр. Экологиямыздың бұзылу себебі неде деп ойлайсыз?

  – Алдымен «Экология» деген түсінікке жете мән беруіміз керек. Экология –биологияның ғылыми бір саласы. Зерттеушілер «экология» мамандығын болашақта сұраныстан  қалмайтын мамандықтардың тізіміне енгізіп отыр. Өйткені, қоршаған ортаны сақтау мәселелері – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Кішкентай қалдықтан үлкен қалдық жиналады. Қазақстан экология­сының бұзылуына Кеңес одағы кезінде жүргізілген өндірістік-шаруа­шылық қызмет пен ғылы­ми негізсіз жасалған жобалардың ық­палы зор болғаны белгілі жайт.­ Бұған  қазақ даласын ядро­лық сынақ аймағына айнал­ға­­нын қосыңыз. Атмосферадағы зиянды қалдықтардың өсуі, жаһандық жылынудың себебінен кәсіби экологтарға сұраныс арта береді.

Ел Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы осыдан берер ай бұрын экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм  Мырзағалиевті қабылдағанда қоршаған ортаны қорғау мәселесіне назар аударып, халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыру мәселесін көтерді.  Су және өсімдік әлемін қорғау, браконьерлікпен және орманды заңсыз отаумен күрес жүргізуді   айрықша бақылауда ұстауды баршаның назарына салды.  Адам баласы табиғатсыз өмір сүре алмайды. Таза ауа, су, ауқаттануымыз барлығы табиғаттың сыйы. Біз де оған жауап қайтара білуіміз керек. Табиғатпен етене жақын өмір сүргендіктен, оның байлығын пайдаланумен қатар, табиғат аясын ұрпақтан-ұрпаққа таза күйінде сақтап, аманаттау, экологиялық қауіпсіздікті сақтау адамзаттың басты міндеті болуы керек. Адамдардың экологиялық мәдениетінің төмендігі қоршаған ортаның ластануына әкеледі.

Жалғасын «Жайық үні-Жизнь города» газетінің №30 санынан оқи аласыздар

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»