8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Шілде 2020 1235 0
Өзек

ОРАЛДАҒЫ 18 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫНЫҢ КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫ БҰЗҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Оралда  карантиндік шектеулерге қарамастан той ұйымдастырған кафелер анықталды. Сондай-ақ белгіленген шекті уақыттан кейін келушілерге қызмет көрсеткен кәсіпкерлік нысандары да бар.  25 және 26 шілде  күндері Орал қаласы әкімдігі жанынан құрылған мониторинг топ шектеулерді бұзған нысандар бойынша бейне-фото түсірілім жасап, тиісті органдарға тапсырды.    

Атап айтқанда, 25 шілде  күні  Деркөл кентідегі «Гәкку» кафесі шамамен 100 адамның қатысуымен мереке ұйымдастырған. Ал «Жұлдыз» шағынауданындағы сыра бары кешкі сағат 22.00-ден кейін келушілерді қабылдаса,  Жәңгірхан көшесіндегі автожуу және  «Абзал» дөңгелек жөндеу орталығы сағат 17.00-ден кейін қызмет көрсеткен. Сондай-ақ Құрманғазы көшесіндегі «Гүлдер» дүкені, Согласия көшесіндегі алкомаркет, «У Тимошки» дүкені, Гагарин көшесіндегі «Донай» дүкендері сағат 22.00-ден кейін жұмыс жасаған. Қызылжар көшесіндегі «Bear» жазғы кафесінде келушілердің болғаны және олардың ішімдік ішкені бейнеге жазылды.

26 шілде күні Самал көшесіндегі «Жасмин» банкет залының шамамен 100 адамға көпшілік іс-шара ұйымдастырғаны бейнеге түсірілді. Молодежная көшесінде орналасқан «Арыстан» кешеніндегі  банкеттік залда да 100 шақты адам үшін дастархан дайындалып, мереке ұйымдастырылған.  Еуразия даңғылындағы «Айдана» кафесінің, Махамбет ақын көшесіндегі «Әсел» дүкені мен «Алтынай» мейрамханасы,  Астана шағынауданындағы «BeerKing» дүкені, Құрманғазы көшесіндегі «Сания» дүкенінің де  карантиндік шектеулерді елемегені белгілі болды. Қоғамдық монша, сауналардың қызметіне тыйым салынғанына қарамастан, Вагонная көшесіндегі «Акватория» саунасының жұмыс жасағаны анықталды. Жәңгір хан көшесіндегі техникалық қызмет көрсету орталығы белгіленген талапқа бағынбай, кешкі сағат 17.00-ден кейін қызметін жалғастырған.

Барлық бұзушылықтар бойынша дәлелді бейне, фото түсірілім жасалып, мониторингтік  топтың шақыртуымен оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлеріне  және Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау басқармасына  ұсынылып отыр.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»