8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Ақпан 2021 2335 0
Спорт

ОРАЛДА «OMEGA SPORTS» СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Бүгін Оралда «Omega sports» спорт кешені ашылды. Мұндағы ФИФА стандартына сай жасанды көгалмен жабылған алаңда қысы-жазы футболдан жаттығу өткізуге мүмкіндік бар. Жаңа кешеннің ашылуына спорт саласы өкілдерімен қатар облыс әкімі Ғали Есқалиев пен қала басшысы Абат Шыныбеков арнайы қатысты.

Х.Есенжанов көшесінің 32Б/2 мекенжайында бой көтерген қос қабатты кешеннің  жалпы аумағы 3000 шаршы метр. Жасанды көгалмен жабылған футбол алаңының аумағы 24х48 өлшемді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бассейн залдары, сауна, душ кабинеттері, электронды құлыптары бар жеке шкафтар орналасқан киім ауыстыру бөлмелері жабдықталған. Екінші қабатта аэробты зал және тамақтану орны ұйымдастырылған. Алдағы уақытта ересектер үшін жаттығу залы жұмысын бастайды. Кешенде бір уақытта 100 шақты адам жаттығу жасай алады.

Жаңа нысанмен танысқан облыс басшысы Ғали Есқалиев кешендегі бассейн залдарының үлгісінде қаланың басқа аумақтарында бассейн залдарын ұйымдастыруға болатынын атап өтті. Әсіресе қазіргі уақытта бизнестері тұралап тұрған кафе-мейрамхана иелері ғимараттарын осындай мақсатта пайдаланса құба-құп.

–  Қандай салада  болмасын жетістікке жеткен азаматтарды өсіру, салауатты ұлтты тәрбиелеуде спорттың маңыздылығы өте зор. Өңірімізде кейінгі жылдары жақсы үрдіс пайда болды. Жеке кәсіпкерлер спорт нысандарын салуға көңіл бөлуде. Аталмыш кешеннің  құрылтайшылары Дамир мен Данияр да спорт ардагерлерінің тәрбиесін алған азаматтар. Өз азаматтық ұстанымдарымен  тұрғындардың  саулығы үшін өз бастамаларын жүзеге асыруда. Бұл – игі іс. Ірі қалалардағы кешендерден еш кем емес, шетелдік стандарттарға сай жасалды. Кәсіпкер-жерлестерімізді осындай жобаларды жалғастыруға, дені сау ұрпақты қалыптастыруда үлес қосуға шақырамын. Жақсы бастамаларға мемлекет тарапынан қолдау-көмек көрсетіледі, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Кешеннің құрылтайшылары – Дамир Кәкімов пен Данияр Ғабдуллин. Нысан құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған. Құрылыс жұмыстарына 1 млрд. теңге шамасында қаржы жұмсалған.

– Стандартты өлшем – 20х40 метрлік. Бірақ, балалардың 6х6, 7х7, 8х8 ойыншымен ойнауларына мүмкіндік жасау үшін көгал аумағын мүмкіндігінше үлкен еттік. Одан басқа балаларды жүзуге үйретуге арналған бассейн залдары бар. Екі айлық бүлдіршіндерден бастап 12  жасқа дейінгі балалар жүзуді үйренуге жазыла алады. Сонымен қатар дамуында ерекшелігі бар балалар назарымызда. Әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары кешенде тегін жаттығады, – дейді Данияр Ғабдуллин.

Қазір спорттық нысанда «Юниор» балалар футбол мектебінің тәрбиеленушілері жаттығу жүргізуде. Алдағы уақытта «Спартак» Мәскеу Академиясының филиалы ашылады. Данияр Ғабдуллиннің сөзінше, өткен жылы мәскеулік жетекші футбол клуб – «Спартакпен» келісім жасаған. Келісімге сәйкес «Спартактықтар» жылына үш мәрте өңіріміздегі жаттықтырушы-мамандарды оқытады. Сондай-ақ жас футболшылар Мәскеудегі «Спартакқа» жаттығуға жіберілетін болады.

Жаңа кешенде 40 шақты адам жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, кейінгі  жылдары өңірде жеке инвестиция есебінен ашылған спорттық нысандар көбеюде. Өткен жылы кәсіпкерлердің бастамасымен облыс орталығында жеті нысан ашылған. Аудандарда да жүзеге асуда. Сондай-ақ жуырда ғана өңірлік инвесторлар кеңесінде балалар футболын дамыту мақсатындағы инвестициялық жоба мақұлданды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»