8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қазан 2020 1219 0
Өзек

ОРАЛДА ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫН ТІРКЕЛГЕН ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Орал қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 2017 жылдың 17 қыркүйегінде орын алған, үй иесіне әжептәуір көлемде материалдық залал келтірген күдіктіні құрықтады. Бұл туралы Орал қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Осыдан екі жыл бұрын С.Тюленин көшесіндегі бір үйдің терезе әйнектерін сындырып, үй ішіне кірген белгсіз біреу үй ішінен бірнеше алтын бұйымдар, құндыз тондар, «Триколор» антенасының қабылдау құрылғысын, «Самсунг» маркалы шаңсорғыш пен күзгі қымбат бағалы куртканы алып кеткен. Осылайша,  1989 жылғы С. есімді азаматқа көлемді шығын келген-ді.

Таяуда көп уақыттан бері ұстатпай жүрген пәтер тонағыш 1973 жылғы В. есімді, еш жерде жұмыс жасамайтын, Бәйтерек ауданының тұрғыны ұсталып, қылмыс жасағанын мойындады. Полиция қызметкерлерінің алдына келген бұл тұлға пәтерді ұрлауға көз байланар шақ – түнгі сағат 23.00 – ден кейін кіріскенін баяндады. Ұрлаған бұйымдардың денін сатып, ақшаны күнделікті өз қажетіне жаратқан. Тек күзгі куртка ғана үйінде қалыпты.

– Жедел уәкілдердің тынымсыз іздестіру іс- шаралары оң нәтиже беріп, екі жыл бұрын тіркелген пәтер ұрлығы ашылды. Бүгінгі күні Орал қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін де бірнеше қылмыстар жасап, істі болған күдіктіге қатысты материалдар жиналып, тергеу амалдары жүргізілуде, – деді басқарманың баспасөз қызметкері Гүламан Исмағұлова.

Жыл басынан бері шаһарда 388 пәтер ұрлығы тіркелген.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»