8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2020 1476 0
Өзек

ОРАЛДА БАЛАБАҚШАЛАР МЕН ТӨРТ ЕМХАНА ҚЫЗМЕТІН УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты БҚО-да облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің  қаулысымен карантиндік режим 15 маусымға дейін ұзартылған еді. Осы орайда жұртшылықтың көкейінде ашылған нысандар қайтадан жабылуы мүмкін деген уайым бар. Бұл жайды бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев түсіндіріп берді. 

– Осы кезге  дейін ашылған нысандар жұмыстарын жалғастыра береді. Тек кейінгі екі күннің  ішінде балабақша қызметкерлері арасында коронавирус жұқпасының анықталуына  байланысты Орал қаласы жедел штабы балабақшалар қызметін тоқтатты. Балабақша қызметкерлері оқшауланып, эпидемиологиялық тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар жергілікті төрт емхана уақытша жабылды. Яғни 2, 3, 4, 5- қалалық емханаларға келушілердің профилактикалық тексерулерден өту кезінде  коронавирус жұпасы анықталуына байланысты емханалар қызметі уақытша тоқтатылып, науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығынан сынама алынды. Нысандарда залалсыздандыру жұмысы аяқталып, тексерілген қызметкерлердің  сынамалары теріс нәтиже  болса, емханалар жұмыстарын қайта жалғастырады. Осы емханалардағы жедел жәрдем қызметі тиісті медициналық қызмет көрсетуін жалғастыра береді. Сондай-ақ емделуі жоспарланған науқастарға  тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық қызметерлер тиісті қызмет көрсетеді, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Сонымен қатар «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в».-да коронавирустық жұқпаның бір жағдайы анықталуына  байланысты БҚО бас санитарлық дәрігерінің  қаулысымен Қарашығанақ кен орнында  5  маусымға дейін карантин жарияланды.

Ескерерлік маңызды жайт – азаматтар өздерінен вирустық жұқпалардың белгілерін байқаған кезде  ауруханаға бармай, бірден 103 қызметіне  жүгінулері қажет. Өйткені егер ол азаматтан вирустың оң нәтижесі анықталса, оның қарым-қатынасқа түскен адамдарының саны да көбейіп, вирусты жұқтырғандар да  артуы ықтимал.

Айта кетейік, бүгінгі күнге  облыста  коронавирус жұқпасының 414 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта инфекциялық, провизорлық, карантиндік стационарларда 342 адам бар, үй оқшаулауында – 1134 адам дәрігерлер бақылауында.  226 науқас ем алып шықты. Олар да күнделікті дәрігерлердің  бақылауында.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»