ОРАЛДА ҚАСАПШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Құрбан айт – бүгінде қазақ жұртшылығында ерекше аталып өтетін айтулы мереке. Дәстүрімізге сіңіскен ислам құндылықтарын насихаттау ісі де – маңызды міндеттер қатарынан. Осы мақсатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша өкілдігі Орал облыстық орталық мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты айт мерекесінде құрбандық шалатын орындарда қызмет қылатын қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинарды Тәжиден Батырұлы мешітінің ұстазы Әсет Раманқұлов пен Орал облыстық орталық мешітінің азаншысы Асхат Асылбеков жүргізді. БҚО өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар барысында шаһардағы құрбан шалатын орындарда қызмет атқаруға тиісті азаматтар қатысып, тәжірибе жинақтады.
Семинарда сөз алған Тәжиден Батырұлы мешітінің ұстазы Әсет Раманқұлов «Құрбан айт мерекесінің ауқымы жылдан жылға ұлғайып, дәстүрлі дін құндылықтарына халықтың сұранысы мен ықылас-пейілі артып келеді. Айт мейрамдарының бүгінде бұқаралық сипат алғаны осыған дәлел. Санаулы күннен соң келетін мүбәрак мерекеде құрбан шалғысы келетін қала тұрғындарына кәсіби тұрғыда қызмет қылу – сіздерге жүктелген аманат. Қала әкімдігі осыған орай мал союға арнайы нысандар белгіледі. Айтулы күндері құрбандық малдарын шариғи шарттарын сақтай отырып союға аса үлкен мән берілуі керек» деді өз сөзінде.
Семинар барысында 30-дан астам қасапшыға шариғат талаптарына сәйкес мал союдың жөн-жосығы түсіндіріліп, арнайы төсбелгілер табысталды.
Шариғи үкімдер жан-жақты тарқатылған тренингтен тәлім алған қасапшылар ұйымдастырған шараға ризашылық білдірісіп, құрбан шалу барысында семинардан үйренген сабақтарын іске асыратындықтарын жеткізді.
Айта кетейік, биылғы Құрбан айт мерекесінде Орал қаласы бойынша құрбан шалатын 3 орын бекітіліп отыр. Аталмыш орындар арнайы санитарлық тексеруден өткізіліп, айтулы мерекеге сақадай-сай әзірленген.

Үміт Жәңгірова
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Кіру
Пікір үстеу