8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қаңтар 2021 1780 0
Өзек

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН

Бүгін, 15 қаңтар күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев облыстағы COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. 

Өткен аптада Бөрлі ауданындағы вахталық әдіспен жұмыс жасайтын «Бонатти С.П.А» компаниясының жұмысшылары тексерілді. Скрининг кезінде 47 адамда симптомсыз жағдайлар анықталды. Бұл ауданда жергілікті бас саитариялық дәрігерің қаулысы негізінде шектеу енгізілді.

– Бонатти С.П.А. компаниясының Қазақстандағы филиалы қызметкерлері арасында коронавирустық инфекциясының жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және Бөрлі ауданында коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру мақсатында Бөрлі ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2021 жылғы 13 қаңтарда шектеу шараларын күшейту туралы №03 қаулы шығарып, Бөрлі ауданының аумағында шектеу шаралары күшейтілді, – деді Нұрлыбек Мұстаев.

Сондай-ақ Бәйтерек ауданында эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болуы себепті жергілікті бас санитариялық-дәрігердің қаулысымен шектеу шаралары енгізілді. Бұл ауданда жыл басынан бері аурушаңдық 13,2 пайызды көрсеткен.

Жәнбек ауданының Борсы ауылында бес және одан жоғары жағдайдың  тіркелуіне байланысты Жәнібек аудандық бас санитариялық дәрігердің қаулысымен бұл ауылға шектеу қойылған.

– Аурушаңдықтың 40 пайызы Орал қаласында тіркеліп отыр. Алдағы күндері бұл деңгей төмендемейтін болса, Орал қаласында да шектеу шараларын енгізу қабылданатын болады, – деді спикер.

Соңғы тәулікте облыста  covid-19 жұқтырған 41 жаңа жағдай тіркелді.  Коронавирустық инфекция пандемиясының басталуынан бері барлығы 9793 жағдай тіркелді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»