8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қараша 2019 1663 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРЕРМЕНДЕРДІҢ СҰРАҒЫНА ЖАУАП БЕРДІ

Бүгін Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков жергілікті «Ақжайық» телеарнасының «Әкім сағаты» бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығып, қаланың инфрақұрылымын жақсарту және қалалықтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді. 

Шаһар басшысы баян еткендей, мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын, тұрмыс деңгейін арттыру тапсырмасына сәйкес, биыл қаламызда инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, шағын және орта бизнесті өркендетуге, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымдарын жетілдіруге, инвестициялық тартымдылықты арттыруға ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденция байқалады. Халық саны 2 пайызға өсіп, 313 560 адамды құрап отыр. Өнеркәсіп саласы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Биыл 144 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 67 млрд.теңге, облыс көлемінде қаланың үлесі 86 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 25,4 млрд. теңге. Қала бюджетіне кірістің нақты түскені 21,2 млрд. теңге.

Абат Абайұлы өз сөзінде қалаға қарасты елді-мекендерге инфрақұрылым желілерін тарту бағытында, Ақжайық ықшам ауданы бойынша газ, су құбырларын, электр желілерін жүргізу жұмыстары атқарылғанын жеткізді. Сондай-ақ қала халқының саны күн санап артуына байланысты тұрғын үй құрылысы мәселесіне ерекше тоқталды.

– Қазіргі уақытта, мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде 20 мыңнан астам адам тұр. 2019 жылы қала халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында баспанамен қамтамасыз ету үшін жоспарланған жұмыстар аясында  20,2 млрд. көлемінде қаржы бөлініп, жалпы ауданы 122,717 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде бюджет есебінен жалпы ауданы 9892,1 мың шаршы метр болатын 216  пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Жыл соңына дейін 5 үйдің құрылысы аяқталып (3 үй Зачаган ш/а, 2 үй Солтүстік Батыс бөлігінен), ТҮҚЖБ салымшыларына  беріледі деп жоспарлануда, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ  2020 жылы 8 үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Нақтырақ айтқанда, Солтүстік-шығыс ТЖЖ бойныша №4, 7 үй және Саратов-Орал тас жолы бойындағы 6 үйдің құрылысы аяқталады (47, 48, 49, 50, 51, 52). Бұл жалпы ауданы 76 мың метрден астам 3117 пәтер. Соның ішінде №4 үй және 47 и 48 әлеуметтік осал топ қатарында кезектегі тұрғындар, бұл 612 пәтер.

Сондай-ақ қала әкімі Абат Шыныбеков қаланың құрылыс-сәулеттік келбетін жақсартуға байланысты қолға алынған жобалар, жарықтандыру, жол құрылысы мен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, көпбалалы отбасылардың әлеуметтік ахуалын зерделеу, жұмыспен қамтылуына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»