Орал қаласы әкімі: «Төтенше жағдайдан соң босаңсуға болмайды, ахуал күн сайын ушығып қауіп төндіріп тұр»
Коронавирус індетін жұқтырғандар азаймай отыр. Бүгінгі дерек бойынша республикада 7597 адамның вирус жұқтырғаны тіркелген. Оның 360 жағдайы Батыс Қазақстан облысы аумағында тіркелген. Осы орайда Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков өзінің әлеуметтік желісінде жазба жариялап, азаматтарды карантиннің санитарлық нормаларын сақтауға шақырды.

« Құрметті жерлестер, COVID-19: Жер шарын шарпыған пандемия әлем құрылысына көптеген өзгерістер әкелді. Қоғамдық сананы өзгертті. Төтенше жағдайдан соң босаңсуға болмайды, ахуал күн сайын ушығып қауіп төндіріп тұр. Бұның нақты факті екенін мойындауымыз қажет. Бұған мән бергіміз келмесе де, бұлтартпас статистика коронавирус індетін жұқтырушылардың көбейіп жатқанын көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта біздің өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 360 фактісі болса, оның ішінде 214-і қаламызда тіркелді. 81 жұқтыру фактісі Ресей Федерациясынан келгендер, ал 55-і Атыраудан келгендер есебінен тіркеліп отыр. 4 адам ауыр халде (!). Егер алғашқы кезде жұқтырушылар саны сырттан келгендерден құралған болса, қазір қала мен аудан тұрғындары арасында таралып жатыр. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі 9 бала, тіпті олардың қатарында бір жасар бала да бар. Коронавирус инфекциясын 9 полицей қызметкері, 56 медицина саласы қызметкерлері, 5 зейнеткер, 3 студент жұқтырған.
Қалыптасқан жағдайдың күрделі екенін ескере отырып, Орал қаласының тұрғындарынан карантиннің санитарлық нормаларын сақтауға шақырамын. Тұрғындар барынша өзін оқшау ұстауға: аралас-құраластықты азайтуға, аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға, өзге адамдармен байланысты шектеуге ұмтылғаны абзал. Көп жағдайда коронавирус инфекциясы ауру белгілерінсіз өткенімен, өзгелерге жұғуы мүмкін.
Алғашқы қауіпсіздік шараларының бірі – қорғаныс маскасы мен қолғабын кию, антисептікті қолдану.
Төтенше жағдай алынғанымен, қалада карантин режимі сақталуда. Бәсеңдету шаралары шектеудің алынғанын білдірмейді.
Орал қаласының тұрғындарын өз қауіпсіздігіңіз үшін карантин режимін қатаң сақтауға шақырамын. Қоғамдық көлікте, дүкендер мен жұмыс орындарында сақтық шараларын барынша ұстаныңыздар.» делінген Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың жазбасында.
Соңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу