8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Наурыз 2021 1707 0
Өзек

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ШАҺАР ТҰРҒЫНДАРЫН ТӘРТІПКЕ БАҒЫНУҒА ШАҚЫРДЫ

Орал қаласы  әкімі Абат Шыныбеков facebook әлеуметтік желісіндегі  парақшасында қала тұрғындарына үндеу жасады. 
«Құрметті қала тұрғындары, өздеріңізге мәлім, қазір Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта. Осыған байланысты облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша бірқатар карантиндік шектеулер енгізілді. Қала бойынша эпидемиялогиялық ахуал тұрақты емес. Жыл басынан бері қала бойынша 3466 адамда Covid-19 тіркелген. Кеше, бір күннің ішінде 78 адамда коронавирус инфекциясы анықталған. 2021 жылы қалада аталған індет жұқтырған 56 адам көз жұмды. Медициналық қызметкерлер бір жылдан астам уақыт аурумен алдыңғы шепте күресуде. Алайда ауру бәсеңсімей тұр. Қазіргі уақытта аурудың өсу деңгейі 0,9 пайызды құрап отыр. Қалада той-томалақ пен басқосуларды болдырмау үшін мониторингтік топтардың жұмыстары күшейтілді. Рейдтік шаралар көптеген нысандардың санитарлық-эпидемиялогиялық нормаларды қатаң сақтамайтынын көрсетіп отыр. Биылдың өзінде мониторингтік топтармен шектеу шараларын бұзған 94 жағдай анықталды. Жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерді де тексеру нәтижесінде санитарлық талаптарды бұзған жүргізушілерге айыппұлдар салынды. Бұл тұрғындар тарапынан сақтық шараларына әлі де жете мән берілуі қажеттігін білдіреді. Жұмыс істеуге рұқсат берілген барлық еңбек ұжымдарында сақтық шараларын қатаң сақтау қажет», – деп жазды Абат Шыныбеков.
Сондай-ақ шаһар басшысы енгізілген карантиндік шектеулерді сақтау, қабылданған тәртіпке бағынудың маңыздылығын жекізіп, тұғындарды бейғамдық танытпауға шақырды.
«Ардақты ағайын, Бауыржан Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген екен. Баршаңыздан карантиннің маңыздылығын түсініп, бейғамдық танытпауыңызды сұраймын. Мамандар аурудың алдын алудың ең тиімді шарасы — мейлінше оқшаулану екенін айтады. Қазіргі таңда жиын-тойларды өткізуге тыйым салынғанымен, жасырын отырыстар тыйылар емес. Індеттің көпшілік орындарда таралу қаупі жоғары екенін баршаға аян. Коронавирус инфекциясы туралы ақпарат БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде жиі жариялануда. Сондықтан көпшілік орындарға, ойын-сауық, сауда орталықтарына баруды мүмкіндігінше азайтқан абзал. Жұмыс істеуге рұқсат берілген барлық еңбек ұжымдарында сақтық шараларын қатаң орындау қажет. Әулетіміздің, отбасымыздың, ұрпағымыздың, ата-анамыздың, ел-жұртымыздың аман-саулығы үшін тәртіпке саналы бағынайық, ағайын. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз», – деді Абат Абайұлы.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»