8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қараша 2019 1494 0
Қалалықтар қаперіне

ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ОРАЛДЫҚТАРҒА РИЗАМЫЗ

Қазақстандық Арайлым Ишахат әлемдік сұлулар байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Редакциямызға арнайы келген Арайлымның нағашы ағасы Артур Хайрлиев қолдау көрсеткен батысқазақстандықтарға ризашылығын жеткізді.

Арайлым Ишахат – Атырау облысының тумасы. Нағашысы Артурдың айтуынша, отбасында екі әпкесі және інісі бар. Бала кезінен ән шырқап, гитарада ойнайды екен. Өткен  жылы  Астана медициналық университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітірген. 21 жасар бойжеткен қыркүйек айында 1500 ару қатысқан «Виртуалды Мисс Қазақстан» байқауының  3 кезеңінен сүрінбей өтіп, жеңіске жеткен болатын. Ал жуырда ғана «Виртуалды әлем аруы» халықаралық конкурсының финалында Қазақстанның атынан бақ сынап, бас жүлдені иеленді. Бұл байқауға 20 елдің өкілі қатысқан. Олардың қатарында Қырғызстан, Армения, Боливия, Бразилия, Гватемала, Гондурас, Ресей Федерациясы, Коста-Рика, Доминикана, Панама, Перу, Мексика, Чили, Эквадор, Мексика, Колиумбия, Танзания елдерінен келген қатысушы қыздар бар. Дегенмен, Мексиканың Канкун қаласында өткен қорытынды кезеңге Арайлымның өзі қатыса алмаған.

– Виза мәселесіне байланысты марапаттауға бара алмады. Қазақстаннан ұшып Жапонияға жеткенімен, Токиода әуежай қызметкерлері түсіріп алыпты. Мексикаға жете алмай қалды. Жеңісін скайп арқылы білді, – дейді нағашысы Артур Қанатұлы.

«Виртуалды әлем аруы» халықаралық конкурсының қатысушылары тәжді иелену үшін дауыс жинауы тиіс болған. Дауыс беру inDriver мобильдік қосымшасында өтіп, 20 қазанда аяқталды. Осы орайда біздің бойжеткенге 36 612 қолдаушы табылып, өзінен кейінгі қарсыласынан 2000-ға жуық артық дауыс жинаған. Осылайша, әлем аруы атанып, тәжді иеленген Арайлымға байқаудың басты жүлдесі – «Porsche» автокөлігі сыйға берілген.

– Әлемдік байқауға қатысу кезінде қарындасыма қолдау көрсеткен оралдықтарға және ерекше алғысымды Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовке, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаеваға, осы басқарманың орынбасары Жеңіс Нығметуллинге, DD records  орталығының әншісі Райым Бақтыгереевке ерекше алығысымызды білдіреміз, – дейді Артур Хайрлиев.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
512 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»