8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Мамыр 2021 1426 0
Дені сау ұлт

«МОСКОВСКИЙ» БАЗАРЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖАСАУ ОРНЫ АШЫЛДЫ

Оралдағы «Московский» базарында коронавирустық инфекцияға қарсы екпе жасау кабинеті жұмыс жасай бастады. Бұл – облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аталмыш базар әкімшілігінің бірлескен бастамасы негізінде ұйымдастырылып отыр. Базар әкімшілігі ұсынған орын-жай тегін әрі санитарлық талаптарға сай. Екпе жасау бөлмесі  таңертеңгі 9.00-ден бастап, кешкі 19.00-ге дейін жұмыс жасайды.

– Біз ұсынған орын медицина мамандарын қанағаттандырды. Біздің  базардағы бутиктерді  600-ден астам кәсіпкер жалға алып отыр. Сондай-ақ олардың саудагерлері де бар. Оған қоса сауда жасауға келетін тұрғындар да осы жерден вакцина алады деп ойлаймыз, – дейді базар әкімгері Елена Кармиева.

Орта есеппен күніге  2000-3000 тұрғын базарға келеді екен. Сондықтан халық көп жиналатын орында әр адам өзі денсаулығының қамын жасауы  маңызды. Осыны ескерген базар жұмысшылары мен бутиктерді жалға алушылар алғашқы күннен-ақ вакцина алуды бастады. Алдымен терапевт-дәрігердің тексерісінен өтіп, денсаулық жағдайы туралы сауалнама жүргізілді. Мұнда №3 қалалық емхананың медициналық бригадасы жұмыстануда.

– Пациенттің қан қысымын өлшеп, вирустық инфекция белгілерінің бар-жоғын тексереміз. Оттегінің мөлшерін анықтаймыз. Екі түрлі вакцина қолданылуда. Егер пациент «Спутник V» вакцинасымен егілуді таңдаса, бес пациенттік топ жиналуы тиіс. Ал егер арабиялық «Hayat Vax» вакцинасы болса, күтудің  қажеті жоқ, бірден екпе  жасалады. Екінші компоненті 21-інші күннен 90 күнге дейінгі аралықта жасалады, – дейді дәрігер Оксана Чабан.

Дәрігер маман адамдардың барлық санатына екпе алуды ұсынады. Әсіресе, артериалды қан қысымы, жүрек ауруымен ауыратындар, созылмалы аурулары бар, соның ішінде қант диабетімен ауыратындарға вакцина алу қажет. Өйткені олар коронавирустық инфекцияны жұқтырған жағдайда ауыр өткеретіндердің қатарында.

Жалпы бүгінге дейін 57 444  облыс тұрғыны індетке қарсы екпенің бірінші  компонентін  алған. Олардың ішінде 21 947-сі толық курсын қабылдағандар.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»