8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Тамыз 2020 1358 0
Қоғам

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚОНЫС ТОЙ КӨБЕЙДІ

Бүгін, Конституция күні мерекесі қарсаңында  Зашаған кентіндегі Саратов тас жолы бойынан 117 пәтерлі, көпқабатты  тұрғын үй пайдаланылуға берілді.  Облыс әкімі Ғали Есқалиев баспаналы болған жандардың қуанышын бірге бөлісіп, пәтер кілттерін табыс етті. 

– Баршаңызды ел Конституциясының 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Ата Заңымызда еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен   бостандықтары деп айқын көрсетілген. Ел халқының күнделікті өмір сүру жағдайын жақсарту үшін бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Солардың бірі – Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында бой көтерген тұрғын үйлердегі әр пәтердің бір шаршы метрі 140 мың теңгеден сатылуда. Ал мелекет тарапынан тұрғын үй салушы компанияға әр шаршы метрі үшін қосымша 50 мың теңге қаржы аударылады. Бұл да болса баспана алуды мақсат еткен жерлестеріміз үшін үлкен қолдау. Дәл осындай жеңілдіктер басқа мемлекеттерде қарастырылмаған. Сонымен қатар бірқатар жерлестеріміз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, баспаналы болуда. Аталған несие 25 жыл мерзімге, бес пайыз үстемақымен беріледі. Қорыта айтқанда, өңір тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Бүгінгі пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтаймын. Әр шаңыраққа бақ пен береке тілеймін. Жаңа пәтерлердің терезесінен әр күннің нұр шуағы шашылып, бақытты бүлдіршіндердің күлкісі естілсін, – деген облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы бірқатар тұрғындарға пәтер кілтін табыстады.

Бүгін баспаналы болғандардың қатарында Альберт Төлешқалиев те бар. Жас жанұяның отағасы полиция басқармасында, жары білім білім беру саласында қызмет атқарады екен. Бақытты отбасы бұл күнді ұзақ күткендерін айтты.   – Шаңырақ көтергенімізге сегіз жыл болды. Осы кезге дейін пәтерден-пәтерге көшіп жүрдік. Осыдан төрт жыл бұрын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ- тан есепшот ашып, қаражат жинай бастадық. Енді бүгін екі бөлмелі су жаңа пәтерге қол жеткіздік, – дейді ол.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
512 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»