8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2019 2684 0
Қоғам

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2019»: ЕРОЛЕЕВТЕР ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Орал қаласында «Мерейлі отбасы – 2019» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өтіп, облыстық кезеңге қатысушы отбасы анықталды.

2013 жылы Елбасының жарлығымен отбасылық өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлтық байқауы жарияланған болатын. Биыл дәстүрлі түрде алтыншы мәрте өткізіліп отырған шара Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді іске асырудағы отбасы рөлін айшықтауға бағытталуда. Ұлттық байқаудың қалалық кезеңіне шаһарымыздағы 14 таңдаулы жанұя қатысты.

Комиссия құрамының шешімімен алты отбасы – Танбаевтар, Бекеновтер, Жәңгіровтер, Қарақойшиевтер, Сабыржановтар, Самархандар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Қайырлиевтер жанұясы – «Үлгілі жанұя», отбасымен қаржы саласында  саласында  еңбек ететін Османовтар – «Экономистер династиясы», Өтешовтар – «Кәсіпкерлер жанұясы», Әбуовтар – «Өнерлі отбасы» аталымдарымен марапатталды.

Сансызбаевтар жанұясы – үшінші орын иемденсе, Шаймардановтар – екінші, Шуриндер – бірінші орынды алды. Ұлттық байқаудың қалалық кезеңінің бас жүлдесі Ероллевтер отбасына берілді. Бір ұл бес қыз тәрбиелеп отырған жанұяның отағасы  Айжол Хапитұлы –  БҚО ПД қызметкері. Отанасы – Сәбира Рамазанқызы. Өздерінің де, қыздары Наргиза, Лилия, Әсемгүл, Жанелдің де жетістіктері мен алған марапаттары жетерлік. Ұлдары Мансұр – 2 сыныпта оқиды, үйдің кенжесі – Айлина екі-ақ жаста. Бас жүлде иеленген Еролеевтер енді облыстық байқауда бақ сынамақ.

Байқау қатысушылары мен жүлдегерлерін шараға арнайы қатысқан  ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары Елена Тарасенко мен қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтады.   Жүлдегерлер мен қатысушыларға «Kinoplexx» кинотеатры, «Рондо» балалар балет студиясы, «Турист» сауда үйі, «Белес», «Жарас» компаниялары, «Флорист» салоны, «CLAS» оқу орталығы, облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, STUDIO13, «Шабыт» қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен сыйлықтар табысталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

ТАНБАЕВТАР отбасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»