8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қазан 2021 1468 0
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ БОЛҒАН ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР

Өңірде шағын және орта бизнес нысандары көбейіп келеді. Оларға мемлекет тарапынан қолдау да зор, даму деңгейлері билік назарында. Осы ретте бүгін, 1 қазан күні облыс басшысы Ғали Есқалиев пен қала әкімі Абат Шыныбеков жаңадан жұмысын бастаған кәсіпорындарда болып, тынысымен танысты.

«Uralsk Trade Company» сүт өндірісі зауыты 1 ай бұрын іске қосылған. Жаңа зауытта Беларусь Республикасынан жеткізілген құрғақ ұнтақтан сүт дайындалады. Өнім 25 градусқа дейінгі температурада 6 айға дейін сақталады. Келешекте өндіріс көлемі мен өнім түрлері көбейтіледі. Ол үшін сүт қабылдау орны ашылмақ. Ол үшін база, инфрақұрылым бар. Зауытқа әзірге 30  адам жұмысқа қабылданған. Жоба  толықтай іске қосылған кезде жұмысшылар саны 100-ге жеткізіледі.

– Зауыт тәулігіне 116 тонна сүт дайындауға қуатты. «Зорькин луг», «Молоково» тауарлық белгісін қолданып келеміз. Қазіргі уақытта  «Уральская» тауарлық белгісін патенттеуге  ұсындық. Осы «Уральская» белгісімен шығатын өнім тек табиғи сүттен болады. Сүт қабылдау орнын ашсақ, айран, сүзбе өндіреміз, – дейді кәсіпорын басшысы Саяхат Ғабдуллин.

Бұл жобаның құны – 1 млрд. теңге. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша «Даму Қоры» арқылы жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен 300 млн. теңге  қаржылай қолдау көрсетілген.

Ал облыс орталығында осыдан төрт жыл бұрын жұмысын бастаған «Eurasian Trend» ЖШС  ішкі есіктер дайындаумен айналысады. Бүгінде кәсіпорында бес цех жұмыс жасап тұр, 80 адам қызмет етеді. Тәулігіне 200 есік шығарылады. Жобаны бастауда кәсіпорын басшысы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Даму Қоры» арқылы 350 миллион теңге қаржылай қолдау алған. Болашақта өндіріс көлемін арттырып, айына 10 мың есік дайындау көзделіп отыр. Сонымен қатар қазір корпустық жиһаздар дайындау қолға алынуда.

– Шикізатты Ресейден, Еуропадан алдыртамыз. Әлі де дамытып, өнім көлемін көбейткіміз келеді. Бірақ, қазіргі уақытта ғимаратты жалға алып отырғандықтан, мүмкіндік болмай тұр. Мемлекеттік  көмек қажет. Өзіміз үшін цех салуға коммуникациялық желілері  тартылған жер берілсе, жоспарымызды толықтай жүзеге асыра алар едік, – дейді кәсіпорын басшысы Биболат Хайрушев.

Есік жасауға МДФ, ағаш, ПВХ пленкалары, желім, шыны пайдаланылады. Ішкі есіктердің 20 түрі жасалады. Экологиялық таза. Дайындалған есіктер Орал қаласымен қатар тапсырысқа сай басқа өңірлердің нарығына жөнелтіледі.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»