8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қыркүйек 2023 1145 0
Мезгіл мәселесі

Мал сою орындарының 70 пайызында бейнебақылау камералары орнатылды

Батыс Қазақстан облысында мал сою орындарының 70 пайызында бейнебақылау камералары орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. БҚО полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің мәлім еткеніндей, жыл соңына дейін барлық мал сою орындары осындай қондырғымен қамтамасыз етілетін болады.

Оның сөзіне қарағанда, бұл осы кәсіппен айналысатын адамдардың өздері үшін керек. Олар өз есебінен бейнебақылау камераларын орнатса, бәрі де алақандағыдай көрініп тұрады. Департамент бастығының айтуынша, облыста мал ұрлығы мәселесі өте өзекті болып отыр. Күні бүгінге дейін 94 мал ұрлығы тіркелсе, соның 47-сі ашылған жоқ. Соның ішінде 12-сі ауыр қылмыстар санатына жатады.

«Облыстық және қалалық батальондар мал тасымалдаумен айналысатын көліктерді ұдайы тексеріп жатыр. Соның нәтижесінде күні кеше ұрланған малды тиеп алып келе жатқан, бұрыннан есепте тұратын жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жолдар бақылауға алынғаннан кейін ұрылар басқа амалға көше бастады. Мысалы, Сырым және Жаңақала ауданында өздерінің атына тіркелген мылтықпен малды далада атып өлтіріп, сойған деректері де тіркелді», – дейді Арман Молдиярұлы.

Департамент бастығы облыс әкімінің қолдауымен аталған батальондардың жыл соңына дейін 90 автокөлікпен қамтылатынын жеткізді. Ол сондай-ақ Орал қаласында «Кибер-шериф» кешені іске қосылатынын айтты. Шаһар жылдамдық өлшеу құралдарымен де толық қамтылатын болады. Ақсай қаласында да қазан айының аяғына дейін бейнекамералар мен жылдамдық өлшеу қондырғылары орнатылады. Алдағы жылдың бірінші тоқсанында Ақсайда жедел басқару орталығы жұмыс істейтін болады.

«Малды чиптеу де маңызды. Терінің астына енгізілген чипті сканерлесе, малдың кімдікі екені белгілі болып тұрады. Оның және бір тиімділігі, жоғалмайды. Жалпы, мал ұрлығының алдын алу бағытында заманауи тәсілдерді енгізудеміз. Айталық, бір волонтер дрондарды қолдану жөнінде ұсыныс жасады. Сондай-ақ оған полиция қызметкерлерін үйретпекші. Бұл дрондармен тек күндіз емес, түнгі уақытта да малды бақылауға болады екен. Мұны да қарап көреміз», деді А.Оразалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «трамадол королінің» не үшін тұтқындалғаны белгілі болғанын жазған едік. Сондай-ақ Орал қаласында 60 мектепте дабыл қондырғысы орнатылды.

Дереккөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»