Әлібек СЕРҒАЛИЕВ: «Сәукеле киген Шырын шешініп жүр»
5 наурыз күні Орал қаласында өткен «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысында ерекше көзге түскен жас ақындардың бірі Көкшетаудың ақыны Әлібек Серғалиев. Ол астаналық Жандарбек Бұлғақовпен айтысты. Әлібек ақын өз сөзін әлеуметтік мәселелерге бұрды. Жастардың жұмыспен қамтылуы, зейнеткерлік жайы, көп балалы аналардың қамы ұйқасынан табылды. Қос ақын да қоғамның тәрбиесі, ұлттың құндылықтарды ұлықтауға басымдық беріп, суырыпсалма сөз өнерінің үлгісін көрсетті.

«Айтыста ақиқатты айту керек.
Кезінде дұшпан бізге не істеді?
Калпактан бастап бізді бәрі қырды.
Сонда да қайсар қазақ беріспеді.
32 аштықтан бір қырылдық.
41-де қырам деп неміс келді,
54-те жер жыртып, өгіз жекті
Одан кейін тағы да соғыс көрді.
Атамызды халық жауы деп қамады
Түбімізге жеткені орыс болды.
86 жылдары тағы да зорлық көрді.
Бағымыз ол кезде де теріс келді
Қайрат пен Ләззаттарды қан қақсатып,
Кеңес Үкіметі зомбылық көп істеді.
Әйтеуір ғасыр бойы көрген қорлық
91-ге келгенде жеміс берді.
Қазақтың маңдайына сәуле шашып,
Қазақтың даласына жеңіс келді.
Бабаның арманына жеткені осы
Бүтін елдің бақытпен бөліскені.
Әй, бірақ айтпайын десем тағы болмайд(ы).
Қасірет мазалап тұр мені іштегі.
Бұл күнде намыссыздар бабалардың
Таудай-таудай арманын тегістеді.
Ал ағайын, тыңдасаң, мен айтайын
Мені бұлай сөйлеуге не күштеді?
Мен білетін қазақ түгіл қойдың өзі
Қозысын тастамаушы ед өрістегі.
Айтпақшы интернетте есіріп жүр
Сәукеле киген Шырын шешініп жүр.
Осыны ойлап, бойыма намыс келді.
Бұларды жөнге салар ерлер қайда?
Тай тұяқ, қасқыр мінез, барыс пе еді?
Ерлері сол құлағына сырға тағып,
Өзіне пір тұтып жүр кәрістерді.
Ағайын, қатты кетсем кешіріңдер,
Бәлкім үндемегенім тыныш па еді?!
Ен даламнан ұяламын бабам жатқан,
Бабамнан ұяламын пейіштегі» – деді Әлібек ақын.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу