8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қазан 2026 50 0
Өңір жаңалықтары

ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында 25 қазан – Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Оған облыс әкімінің міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов, құқық қорғау органдарының өкілдері, әскери қызметшілер, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, көк байрағымыз биікке көтерілді.

Республика күні – еліміздің егемендік жолындағы тарихи таңдауын айшықтайтын, ұлттық бірлік пен мемлекеттілік құндылықтарын дәріптейтін мереке. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Мемлекеттік Егемендігі туралы декларация қабылданып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына негіз қаланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Бұл шешім тарихи сананы жаңғыртып, елдік мұрат пен тәуелсіздік құндылықтарының маңызын арттыра түсті.

Биылғы мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында аталып өтуде. Осы жылдар ішінде еліміз мемлекеттілігін нығайтып, қоғамдық өмірдің түрлі саласында маңызды жетістіктерге қол жеткізді.

Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі патриоттық әндер шырқалған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
33 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
122 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
118 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
170 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»