КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында «KAZTALOV-INVEST» II аудандық инвестициялық форумы өтті. Оның мақсаты – ауданның экономикалық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және ауыл шаруашылығына жеке инвестиция тарту арқылы жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға ықпал ету.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, қаржы институттарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.
Форумда сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов инвестиция тарту өңір экономикасын дамытудың маңызды тетігі екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында облыста инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 893,4 млрд теңгені құрап, жоспардан 52,4 млрд теңгеге артық орындалды. Ал 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 539,5 млрд теңгеге жетті. Біздің мақсатымыз – инвестиция көлемін ұлғайтып қана қоймай, жаңа өндірістер ашу, тұрақты жұмыс орындарын құру және өңір экономикасының әлеуетін арттыру, – деді Қалияр Айтмұхамбетов.
Казталов ауданының инвестициялық әлеуеті, әсіресе, мал шаруашылығы, ет пен сүт өндіру, мал азығын дайындау және ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау бағыттарында жоғары. Бұл салаларға заманауи технологияларды енгізу мен өнімді терең өңдеуді дамыту өндіріс тиімділігін арттырып, жергілікті өнімнің қосылған құнын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Форум барысында кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық секторды қолдау және инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Аудан прокуроры Ерлан Гайпов кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелерді көтерді. Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және «Аграрлық несие корпорациясы» өкілдері кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шаралары мен қаржыландыру тетіктерін таныстырды.
Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, өз жобаларын таныстырды.
Форумның басты нәтижесі – жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын 26 жоба бойынша меморандумдарға қол қойылды. Аталған жобалар ауданның инвестициялық әлеуетін арттыруға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.
Форум аясында ауданның инвестициялық әлеуетін арттыруға үлес қосқан азаматтар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Соңғы жаңалықтар
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру








