«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің 2026–2027 оқу жылының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М. Байсалов қатысып, мектептің жаңа оқу жылына қабылданған тыңдаушыларымен кездесті.
Биыл мектепке облыстың жоғары оқу орындарында «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Халықаралық қатынастар», «Құқықтану» және басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатқан 4-курс студенттерінен 26 тыңдаушы қабылданды.
«Жаңа талап» жобасы жастарды мемлекеттік қызметке кәсіби бағдарлауға, мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыруға және олардың осы саладағы білімін жетілдіруге бағытталған.
Жаңа оқу жылының ашылуынан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері тыңдаушыларға мемлекеттік қызмет саласы бойынша алғашқы дәріс өткізді.
Дәріс барысында мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, конкурстық іріктеу кезеңдері, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптары, олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау және қызметтік жауапкершілік мәселелері қарастырылды.
Оқу бағдарламасы аясында тыңдаушылар үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Студенттер мекеменің негізгі қызмет бағыттарымен, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен және олардың атқаратын міндеттерімен танысты.
Кездесу барысында тыңдаушылар мемлекеттік қызметке орналасу, конкурстық рәсімдер және кәсіби даму мүмкіндіктері жөнінде сұрақтар қойып, Департамент қызметкерлерінен жауап алды.
«Жаңа талап» мектебіндегі оқу жастарға мемлекеттік қызметтің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін меңгеруге, мемлекеттік органдардың жұмысымен тікелей танысуға және болашақ мамандығын таңдауда қажетті ақпарат алуға бағытталған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру



