8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Мамыр 2025 2102 0
Ғылым

«Әлеуметтік желіде жазылған пікірлерге жауапкершілікпен қарауымыз керек»,- деді Президент кеңесшісі

 

13 мамыр күні Қазақстан    Республикасы   Президентінің    кеңесшісі Мәлік  Отарбаев  Орал қаласына атбасын бұрып, білім саласының  өкілдерімен, студент-жастармен кездесті. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің    Студенттер сарайында  өткен  жиында   М. Отарбаев    Ұлттық  құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым  – Жомарт    Тоқаевтың көтерген негізгі мәселесін алға тартты.  

      Батыс Қазақстан   облысына іссапарымдағы  негізгі   мақсатым –  биылғы жылы Бурабайда өткен   Ұлттық   құрылтайдағы Мемлекетбасшысының бағдарламалық баяндамасы туралы өздеріңізбен пікір алмасу. Ұлттық құрылтай шын мәнінде қоғамда орын алып отырған өзекті де, көкейтесті мәселелердің шешім табуы негізінде құрылған ауқымды тұғырнама болып қалыптасты. Ұлттық құрылтайдағы   Ел басшысының бағдарламалық баяндамасы  біздер үшін мемлекеттік маңызы бар құжат болып есептеледі. Яғни, Ұлттық құрылтайдағы айтылған мәселелердің түбегейлі шешімін табуы  мақсатында  Мемлекет басшысы  53 тармақтан тұратын Жарлыққа қол қойды. Жиында көтерілген әрбір мәселе  –  сөз жүзінде емес, іс жүзінде де көрініс табуда,- дей келіп, әр елдің өз сенім  – ұстанымы бар екенін, әр адам өз Отанына адал еңбек ету керегін айтты. Президенттің Ұлттық құрылтайда көтерген мәселесінің бірі  – заң мен тәртіп, яғни, заң мен тәртіп  аясында  өмір сүру. Алмағайып кезеңдегі басты мақсат –  Тәуелсіздікті нығайту,  мемлекетшілдік дәстүрді жалғастыру. Сондықтан да ұсақ дүниеге мән бермей, «тырнақ астынан кір іздемей», ынтымақта болуымыз керек. Заңнан асатын барометр жоқ.  Ірілікті жалғастыратын текті ұрпақ болуы қажет. Біз –  Алтын орда мемлекетінің заңды мұрагеріміз. БізМемлекет   басшысының  тапсырмасына   сәйкес, Жошы ұлысының   іргесі қаланғанына 800 жылтолғанын атап өттік. Біздің тарихымыз тек қана қасіретті жылдардан құралмағанын   естеншығармайық. Тәуелсіздік жылдарында көптеген  табыстарға  қол жеткіздік. Сондықтан  да әр тарихи кезеңді есте ұстайық. Елімізде алауыздық орын алмауы  тиіс. Тіпті, әлеуметтік желіде жазылған пікірлердің    барлығына жауапкершілікпен   қарауымыз керек. Өйткені, бізді әлем бақылап отыр. Әр    жасаған     ісімізге жауапкершілікпен қарап,   заң мен тәртіптің аясында өмір сүріп, жарасымды, үйлесімді түрде болуымыз қажет. Қоғамдық мәдениетті дамыту  –  біз үшін   өте маңызды мәселе,- деді Президент кеңесшісі М. Нұржанұлы.

                                                                                   «Жайық ҮНІ»

                   

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»