8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қараша 2021 1486 0
Дені сау ұлт

КОРОНАВИРУС: РЕВАКЦИНАЦИЯ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

15 қарашада ҚР Бас санитар дәрігерінің халыққа ревакцинация жасау туралы жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады. Бұл туралы 16 қараша  күні БҚО әкімі  Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік жеделштаб отырысында айтылды. 

БҚО денсаулық сақтау  басқармасы  басшысының міндетін атқарушы А.Қалибеков бүгінгі күні облыс бойынша 224 304 адам коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын мәлім етті.  Вакцинацияланған халық арасында ауру 0,4 пайызды құрайды. Арман Талғатұлының айтуынша, бұл коронавируспен күресте вакцинацияның тиімділігін көрсетеді.

– Вакцинация коронавирустық инфекциядан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғам ретінде біз вакцинация мәселесіне жауапкершілікпен қарауымыз керек. Вакцинация коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитетті дамыту үшін ағзаның табиғи қорғаныс реакцияларын қолдана отырып, инфекция қаупін едәуір төмендетеді. Бүгінгі таңда біздің негізгі міндетіміз – карантин режимінің барлық шараларын сақтау және белсенді вакцинация, – деді  Арман Талғатұлы.

ҚР Бас санитар дәрігерінің халыққа ревакцинация жасау туралы жаңа қаулысына сай, елімізде 22 қарашадан бастап ревакцинация жүргізу басталады.

Векторлық (Спутник) вакцинамен вакцинацияны алған тұлғалар арада  9 ай өткен соң, белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Var, QazCovid-in) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) ревакцинация жасалады.

Белсенділігі жойылған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакциналармен вакцинациялаған тұлғалар 6 айдан соң векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) ревакцинацияланады.

м-РНҚ вакцинасын алған адамдар (Pfizer) 6  айдан кейін белсенділігі  жойылған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Var, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен  ревакцинацияланады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»